ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

КӨКШЕТАУДАҒЫ ЕҢ ЖАС ЖАЗУШЫ – АЙЛАНА ӨМІРЗАҚ

15:19, 13 ақпан 2020

Көкшетауда алғаш рет ең жас жазушы Айлана Өмірзақтың авторлық кітабы жарық көрді. «Көкшетау қаласының ескерткіштері» атты кітапшаны Айлана небәрі 8 жасында жазып шыққан. Облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында аталмыш кітаптың тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты.

РКС: Көкшетаудың ең жас жазушысы. Бұл атақты Айланаға жиналған көпшілік айдар етіп тақты. Жас өрен 3 жасынан әріп танып, 5 жасынан кітап оқуға құмар болып өскен. Өткен жылы Көкшетаудың 195 жылдығына орай, Айлана туған өлкеге  тарту етуді мақсат тұтып, осы кітапты жаза бастайды. Жинаққа өңірдегі 30-дан астам ескерткіштің тарихы жайлы тың ақпараттар енгізілген. Бұл кітапты құрастыруға жас өреннің анасы да сүбелі үлес қосқан.

СНХ: АЙЛАНА ӨМІРЗАҚ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ//қаз/// Бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым – туған өлкем Көкшетауға былтыр 195 жыл толды. Сосын анаммен ақылдаса келе, осы тақырыпқа тоқтадық. Кітапты жазу барысында мен осы облыстық кітапханадан көптеген кітаптар мен дисктер алып, біршама ақпараттар алдық. Сондай-ақ, облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығынан да көп мәліметтер алдық. Көкшетау қаласындағы музейлерге барып көп іздендім.

РКС: Аталмыш жинақ әзрге 10-нан астам данамен басылып шыққан. Соның біреуі  облыстық кітапхана қорына табысталды. Шараны ұйымдастырушы кітапханашылар да Айлананың қадамына сәттілік тіледі.

СНХ: ОРАЛБЕК НҮРІШ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ//Қаз// Айлана Өмірзақ талантты, дарынды оқушы  екені бірден байқалып тұр. 2 сыныпта осындай кітап жазу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ал, тұсау кесерін осы кітапханада өткізуіміздің себебі – Көкше жұртына осындай  қаршадай қыздың еңбегін насихаттап, дәріптеу болып табылады. Айлананың кітабы біздің алтын қорға енгізіледі. Сондай-ақ, электронды форматқа  енгізіп, барлық кітапханаларға тарату жоспарда бар.

РКС: Жас қаламгер қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінде 2 сыныпта оқиды. Айлана мектеп қабырғасында да өтетін шараларға белсене қатысады. Айта кету керек, жас өрен ағымдағы жылы «Зерде» ХV республикалық байқауына осы төл туындысымен қатысып, бас жүлдеге ие болған. Жасынан биікке құштар, ойы ұшқыр жас өреннен әлі көптеген тың дүниелер шығатынына сенім мол.                                                           

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
20:33, 21 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
20:27, 21 ақпан 2020
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ
16:18, 18 ақпан 2020
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫ...
Толығырақ...