ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

КӨКШЕТАУДЫҢ ЖАҢАРЫП, ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ

18:37, 30 маусым 2020

ДК: Қазан айында Көкшетауда Қазақстан мен Ресей Федерациясының 17-ші аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Маңызы зор іс-шараға дайындық қызу. Бұл мақсатқа Үкіметтен 20 миллиард теңге бөлінген. Қомақты көлемдегі мұндай қаражат облыс орталығы Көкшетаудың дамуына оның негізі қаланғалы бөлінбеген. Тек жолдарды жөндеуге 5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оған облыстық бюджетті қосыңыз.

РКС: Шаһар басшылығының айтуынша, Көкшетау биыл әжептәуір жаңарып, жаңғырады. Бұл әсіресе, Қопа көлінің жағалауына қатысты. Жағажай алаңы абаттандырылып, веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолы салынады. Аэропорт аумағына Зеренді ауданы, Темір жол вокзалына «Қазақстан темір жолы»,  автовокзалға да иесі жауап береді. Ал, аталған нысандарға жақын орналасқан аумақ пен автотұрақты абаттандыруды қалалық әкімдік өз мойнына алып отыр. Биыл жөнделетеін жолдардың ауқымы да кең, бөлінген қаражат та қомақты.  

СНХ: ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Аударма. Биыл жөнделетін жолдар өте көп. Ірі жобаның бірі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы жолдарды қайта жөндеу жұмыстары мен көпірдің құрылысы. Әзірге жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Қаржыландыру жасалды. Форум аясында жасалып жатқан бұл жұмыстар қаланың иглігі үшін қажет-ақ. Жағажай, жолдар мен «Болашақ сарайы» әлі талай жылдар көкшетаулықтарды қуантады. Барлық құрылыстарды сапалы жүргіземіз, бұл болашаққа сенім ұялатады. Жолдарды салу барысында сумен қамту, жылу өткізудің барлығы ескеріледі. ///

ЗКТ: Тагир Салаховтың жол құрылысындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Осы уақыт аралығында ол тың технологияларды әбден меңгеріп алды. Сондықтан жол салудың стандарттарын да, пайдалануға қажетті материалдарды да бес саусағындай біледі. Ол жобалық-сметалық құжатқа қарамай-ақ, көзбен бір шолу арқылы жұмысты атқарудың жобасын іштей пішіп алады. Бұл мамандықты ол адал еңбектенудің нәтижесінде тұрақты жалақыға ие болатынын біліп таңдаған. Қателеспеді. Осы мамандыққа келгелі нанын тек  адал еңбекпен тауып келеді.

СНХ: ТАГИР САЛАХОВ, ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БРИГАДИРІ///Аударма: Мен жол құрылысына 1986 жылы келгем. Мені қызықтырғаны тұрақтылық. Жақсы жол – бұл халқымыздың тұрмыс деңгейінің көрсеткіші. Жолдарымыздың жыл санап жаңарып, сапасының жоғары болғанын қалаймын. Соңғы жылдары біз өз ұжымымызбен Степногорск қаласының 60 шақырымды құрайтын ішкі жолдарын салдық. Мен өз ісімнің білікті маманы болып қалыптасқанымды мақтаныш тұтамын. ///

ЗКТ: Тагир еңбектенетін «Көкшетау жолдары» серіктестігі бүгінде жаңа шағынаудандағы жолдың құрылысына жауапты. Бұл өте маңызды нысан. Себебі, Форумға қатысушы жоғары дәрежелі қонақтар дәл осы жолды басып өтеді. Шаһарымызға шетелдік туристер де көптеп келеді деп күтіледі. Жол құрылысында екі маңызды кезең бар болса, оның бірі 90-шы жылдардағы дағдарыстан кейінгі құрылыс және қазіргі Көкшетаудың жаңғыруы,-дейді жол құрылысына жауапты маман.

СНХ: ХАБИР ИБРАГИМОВ, МУНИЦИПАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНЖЕНЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Біз Көктем, Сарыарқа мен Васильковка шағынаудандарынан бастау алатын Ғабдуллин көшесіндегі қайта жөндеу жұмыстарына жауаптымыз. Оның ұзындығы 2 шақырым. Жол толығымен қайтадан салынып жатыр. Бұл жерде енді жаяу жүргінші жолы, велосипедке арналған жол, автотұрақ болады. Маңайы абаттандырылып, жарық тартылады, жасыл желек отырғызылады. ///

ЗКТ: Тагир Салаховтың зейнетке шығуына бір жыл бар. Бірақ ол құрметті демалысқа шығуға асықпайды. Жол құрылысында қалдық материалдарды пайдалану арқылы жол құрылысын жүргізу бойынша жеке технологиясын өндіріске енгізуді жоспарлайды. Бұл бағытта Голландия мен Қытайдың тәжірибелеріне сүйеніп, зерттеулерін жүргізуде. Оның айтуынша, тың технология негізінде жылдамдығы жоғары бір трассаның құрылысына 6 миллион тонна құрылыс қалдықтары жұмсалады. Бұл 47 миллион текше метр құм, 32 тонна көмір мен 200 гектар жерді үнемдеуге мүмкіндік береді. Тагир Салаховтың айтуынша, 62 жаста өмірді өзіңнің қалауыңша сүруге мүмкіндік мол. Сондықтан ол ойда жүрген сан армандарының бірі ретінде осы жолдардың сапасын жақсартып, халыққа өзінің шарапатын тигізуді жоспарлайды.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА,  ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...