ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА

19:30, 3 сәуір 2020

 

ДИКТОР:  Үйде болыңыз! Бүгінгі күннің ең басты ұраны осындай. Өйткені, вирустан қорғанудың бірден-бір жолы – оқшаулану. Танымал тұлғалар бейнежазбалар арқылы халықты үйде отырып, карантин талабын сақтауға шақыруда. Аталмыш акцияға көкшетаулықтар да үн қосты.

СТЭНДАП  ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР:

Қазіргі кезде әлем бойынша, елімізде де «Үйде болыңыз!» деген ұран үдеп тұр. Үйде отырудың маңыздылығын қарапайым ғана мысалмен түсіндіріп көрелік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 вирусы басқа вирустармен салыстырғанда әжептәуір салмағы ауыр. Ұлпа қар секілді. Науқас адам жөтеліп немесе түшкіргенде шашырап барып, кез-келген заттың бетіне қонады. Ауада 3 сағат қана өмір сүретін вирус заттардың бетінде одан көп уақыт тұра береді. Мәселен, мына орындықтың бетінде 96 сағат, яғни 4 күн, мына металдың бетінде 3 күн жемтігін аңдыған құзғын тәрізді сізді күтіп отырады. Одан басқа пластиктің бетінде 5 күн, әйнекте 4 күн тұрады. Тіпті киіміңіз бен шашыңызға қонып үйіңізге бірге енуі мүмкін. Сондықтан да, өз үйіңіз бен аулаңызды дезинфекциялап үйден шықпай отырсаңыз, сізді күте-күте мына вирус кеуіп қалады. Өзіңіз бен жақындарыңыз үшін Үйде болыңызшы!

РКС: Карантин талаптарын сақтап, үйде отыруға көкшетаулықтар да үн қосуда.

Бейнеролик: (ақындар үйде отыруға шақырады)

Құдайберлі Мырзабеков: Бүгінгі карантин жағдайында аса жауапты, мұқият болайықшы! Тәртіп талаптарына неғұрлым тезірек бойұсынсақ, бұл індетті де жеңіп шығуды жылдамдатамыз.

Нұрлан Әлімжанов: Құдайым осы жаман аурудан баршамызды сақтасын!

Азамат Темірғалиев: Жаныңда балалар, жарыңыз,

Аман боп жан менен малыңыз

Жуылып жиі қолыңыз

Ағайын, үйде болыңыз!

Ұлықпан Қайратбек: Коронавирус бізге айтып келмейді,

Келіп алса жылап-еңіреп жалынғанға көнбейді.

Сабыр сақтап, үйден шықпай отырсаң,

Коронавирус сіздің үйге келмейді

Себебі ол сіздің үйді білмейді

Үйде болайық, ағайын!

Сезім Азаматқызы:  Байланды аяқ-қолымыз,

Жабылды көше-жолымыз.

Еліміз үшін, өзіміз үшін

Аағайын, үйде болыңыз!

РКС: Сондай-ақ, жергілікті жас әншілер үйде отырған жерлестеріне онлайн түрде «Көкшетау» әнін шырқап, қолдау танытуда.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...