ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«КӨКТЕМГІ БАЛ» КЕШІ ӨТТІ

15:06, 15 наурыз 2019

РКС: Әуелеген әсем әннің ырғағымен қатысушылар әдемі би өрнегін көрсете білді. Сайысқа тек бірінші курстың студенттері қатысты. Екі  кезеңнен тұратын балға қатысушылар  тыңғылықты дайындықпен келген. Яғни, бірінші кезеңде барлығы  вальс биін билесе, екінші кезеңде латынамерикалық елдерде кеңінен тараған «Ча-ча-ча» биін нақышына келтіре орындады.

СНХ: АЛИНА ШАРАЕВА, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ///Біздің басты мақсатымыз -  студенттердің дәрістен алған білімдерін практикалық тұрғыда жүзге асыру. Бұл сайыс олардың биге деген қызығушылықтарын оятады. Жыл сайын бұл балдың ауқымы да кеңейіп, қатысам деген студенттер қатары да артуда. Барлығына жеңіс тілеймін.

РКС: Университет қабырғасында хореографиядан дәріс алатын студенттерге бұл жарыстың аса қиындық соқтырмағаны анық. Дәрістен алған білімдерін қатысушылар сайыс барысында толығымен жүзеге асырды. Дегенмен, би өнерімен сахнаға алғашқы шыққан студенттер бойларындағы қобалжу сезімі басым екенін жасырмады.

СНХ: МАДИЯР ШЕРМАТОВ, ҚАТЫСУШЫ /// Біз бұл балға 4-5 айдың көлемінде дайындалдық. Қатысушылардың барлығы мықты. Бізге университетте  биден арнайы сабақ береді. Осы уақытқа дейін үйренгенімізді көрсетеміз.

СНХ: СЫМБАТ ЕЛІКБАЙ, ҚАТЫСУШЫ /// Иә, біз көп дайындалдық. Бірақ алғашқы жарыс болғасын, қобалжып тұрмыз. Жеңеміз деп ойлаймыз.

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен екі кезеңде ең жоғары ұпай алған Жандос Қапаров пен Айымгүл Өтепбергенова үздік деп танылып, университет ректорының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, қатысқан барлық студенттер Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...