КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ

Зеренді ауданының диқандары да көктемгі дала жұмыстарына жаппай кірісіп кетті.

15:53, 18 мамыр 2017   65

Зеренді ауданының диқандары да көктемгі дала жұмыстарына жаппай кірісіп кетті. Куропаткино селосында орналасқан «Диқан плюс» серіктестігі биыл 23 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар себеді. Оның басым бөлігін бұршақ және майлы дақылдар алып жатыр. Сұлы, арпа, өзге де өсімдіктер егіліп, жер ананың сәнін келтіре түседі. Ақмола облысындағы іргелі компаниялардың бірі басқаруға алып, жер ананы агротехникалық шараларға сай баптап жатқан бұл серіктестік көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Алғашқы гектарларға қатты және жұмсақ бидай сорттары егіліп жатыр. Жерге көрші Ресейдің Қорған және Омбы облыстарынан әкелінген суыққа төзімді, ерте пісетін бидай сорттары сіңірілуде. Алқап басына қаздай тізіліп, 9 шетелдік себу кешені шықты. Олардың еңбек өнімділігі өте жоғары. Көктемгі дала жұмыстарына серіктестік бойынша 70 адам жұмылған. Олардың көпшілігі жергілікті Куропаткино ауылының тұрғындары. Олар алқап басын қызу еңбекке бөлеген. Диқан қауымы ежелден көктемнің бір күнін жылға азық етіп келеді. Осынау үрдіс бүгінде жанды жалғасын тапқан.   

Қалымбек Мұхамеджанов, Данияр Жұмағұлов

 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75