ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ...

19:33, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Ақкөл ауданының диқаншылары  көктемгі егіс науқанын мамырдың екінші онкүндігінде бастауды жоспарлап отыр. Тұқым қоры жеткілікті, техника да танап басына шығуға дайын.  

РКС: Аудан бойынша серіктестіктер мен шаруа қожалықтары 18 мың тонна сапалы тұқым қорын жасақтаған. Олардың барлығы «Қазагрэкс» лабораториясынан сараптамадан өткен. 143 мың 700 гектар егістік алқапқа дән сіңіру жоспарланған. Оның 135 мың гектарына дәнді және дәнді бұршақ дақылдары егілмек. Одан бөлек майлы дақылдар, жем-шөп азығы, көкөніс және картоп отырғызылады. 

ГРАФИКА:

-дәнді және бұршақ дақылдары 135 мың га

-майлы дақылдар  840 га

- жем-шөп дақылдары 6,1 мың га

- көкөніс 294 га

- картоп 1,5 мың га

РКС: Көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін ауданға 2300 тоннадай жанар-жағар май қажет. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы литрі 165 теңгеден кепілдендірілген  1820 тонна жанар-жағар май бөлген. Егістік науқаны басталғанша толық қамтамасыз етіледі. Машина-трактор паркі жөндеуден өткен. Биылғы жылы 314 миллион теңгеге қазіргізаманғы өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.

СНХ: АНДРЕЙ КОВПАКОВ, «НИВА» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ(аударма)///Егістік алқабына шығуға жақындағанда топырақты химиялық өңдеуден өткіземіз. Соңғы заманауи технологияларға көшіп жатырмыз. Сондықтан механикалық өңдеуді қолданбаймыз. Флексикойл дән себу кешені мен «Кейс» тракторлары сатып алынды. Тұқым қорын, тыңайтқыштарды және қосымша қажетті бөлшектерді жеткізуде еш қиындық жоқ, блок-бекеттерді кедергісіз өтудеміз. //

РКС:  Қазіргі уақытта ылғал жабу жұмыстары жүргізілуде. Шаруашылықтар арасында тұқым қорымен алмасу да жақсы жолға қойылған. Өңір диқаншылары қолайлы ауа райы болса, егіс науқанын 15-20 күнде аяқтамақ.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, ГҮЛЖАН КЕНЖИНА, ЖАҺАНГЕР МҰҚАМБЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...