ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КОЛЛЕДЖ БАЗАСЫНДА ӨНДІРІС ОШАҒЫ АШЫЛДЫ

20:01, 18 мамыр 2020

 

ДК: Жоғары техникалық колледжі «ҚАЗПРИЦЕП» компаниясымен бірлесіп ортақ жобаны қолға алды. Қос тарап жеңіл көлікке арналған шағын жүк тасу тіркемелерінің өндірісін жолға қойған. Мұндай техника шаруашылық нысандарында және ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.  

 

 

РКС: «ҚАЗПРИЦЕП» компаниясы оқу орнына шағын техниканы құрастыруға қажетті барлық бөлшектерді ұсынады. Тіркеменің жүкті өздігінен түсіру функциясы бар. Мұндай техника шағын бизнес иелері мен аграрийлер үшін тартымды. Алдағы уақытта тіркемелерді тапсырыс бойынша құрастыру жоспарланып отыр.  

СНХ: НАРТАЙ ЫБЫРАЕВ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/ҚАЗАҚША/Қазіргі таңда 10 прицеп құрастырылды...

РКС: Оқу орнының соңғы курс студенттері өндірістік білім беру шеберлерімен бірлесіп ұзындығы екі және екі жарым метрлік тіркемелер құрастыруда. Осылайша, колледж тәлімгерлері техника құрастыру ісінде өндірістік тәжірибе жинақтап отыр.   

СНХ: ИГОРЬ ПАНОВ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ /рус/ Маған осында білім алған ұнайды. Мұнда білікті ұстаздар мен шеберлер тәлім береді. Мен металл дәнекерлеуді, конструкцияны дұрыс құрастыруды үйрендім. Сызба бойынша жұмыс істеуді бұған дейін де игерген болатынмын.

РКС: Дайын өнімді саудалаумен «ҚАЗ ПРИЦЕП» компаниясының өзі айналысуда. Тіркеме 570 килограмм салмақты көтереді. Алдағы уақытта колледждің тігін цехында тіркемелерге арналған жабынын тігу жоспарланып отыр.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АНЕЛЬ БЕЙСЕНБАЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...