ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР

13:27, 18 мамыр 2020

 

 

ДК: Өткен жылы ел аумағында  8 мың көпбалалы отбасы жаңа пәтер кілтін иеленді. Биылғы жылдың мамыр айына дейін 2813 отбасы қоныс тойын тойлады. Құрылыс саласына тартылған инвестиция көлемі 19%-ға артты. Биыл барлық өңірлер тұрғын үй құрылысын жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көргендер қатарында Аршалы ауданының тұрғындары Сейдахметовтар мен Мұсабековтар шаңырағы бар. Екі отбасы да коммунадық тұрғын үй қорынан баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған.  

РК: Республика аумағында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп отыр. 2025 жылға дейін көпбалалы отбасыларға арнап 40 мың жалдамалы пәтер салынады.  Бұл жыл сайын 6 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер кілтін иеленеді дегенді білдірмек. Үкімет осы мақсатты жүзеге асыруға алдағы 7 жылға 350 млрд. теңге бөлді. 4 баласына  тәрбие беріп, адал еңбек атқарған Сейдахметовтар - жалдамалы пәтерге қоныстанған отбасылардың бірі. Аршалы ауданының әкімдігі көпбалалы отбасыға мемлекеттік бағдарлама аясында үй сатып алып, жалға берген. Үйдің өз ауласы, бау-бақшасы да бар. Отбасы ай сайын жалдамалы пәтер ақысын төлейді. Отағасы әскери бөлімде қызмет атқарады, ал жұбайы декреттік демалыста.  

СНХ: АЙБЕК СЕЙДАХМЕТОВ, АРШАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///русс/// Біз 10 жыл бойы пәтер жалдап тұрдық. Әр жерге көшіп-қонып шаршадық. Кенже қызым дүниеге келген соң баспанаға мұқтаж отбасы ретінде кезекке тұрдық. Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімі бізге жалдамалы пәтер кілтін табыстады. Үлкен алғыс айтамын. Бізді бұл үйден ешкімнің қуып шықпайтыны қуантады.  

РКС: Зайра әже әкімдіктен берілген пәтер немерелерімнің несібесі, - дейді. Қарт ана мектеп жасындағы балғындардың онлайн-сабақтарына көмектесіп, шаңырақтың ұйытқысына айналған.  

СНХ: ЗАЙРА СЕЙДАХМЕТОВА, АРШАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ///қаз///Мен зейнеткермін. Ұлым мен келінім 4 бала тәрбиелеп отыр. Мен шын жүректен қуаныштымын. Жаңа үйде балаларым мен немерелерімнің ортасында бақытты күн кешудемін. Мемлекеттің қолдауына алғыс айтамын. 

РКС: Бұл – Мұсабековтар отбасы. Олардың да 4 баласы бар. 16 жасқа толмаған мүгедек бала тәрбиелеуде және бала күтімі бойынша жәрдемақы алады. Анасы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етеді. Отағасы жеке көлік тасымалымен айналысады. Мемлекет меншігіндегі жалдамалы пәтер үшін отбасы айына 6547 теңге төлейді.

СНХ: КҰРАЛАЙ МҰСАБЕКОВА, АРШАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ///русс/// Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандықтан, біздің отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді. Бұған дейін Бірсуат ауылында тұрған едік. Мал ұстайтынбыз. Күйеуім механизатор болып жұмыс істеді. Аудан орталығынан пәтер бөлінгендіктен, балаларымыздың болашағы үшін көшіп келуге шешім қабылдадық.  

РКС:  Балалар спорт пен шығармашылыққа көңіл бөлген. Олар шағын футболмен, жүзумен шұғылданады, сурет салады. Сурдоолимпиада ойындарының қатысушылары да бар. Бұл отбасыларды пәтермен қамтуда әрқайсысына 16 миллион 800 мың теңге қаржы жұмсалған. Айта кетелік, 2020 жылы Президент бастамасымен 10 мың жанұя «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы болмақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ОЛЬГА МУСТАФИНА, ТИМУР ТАЛАСПАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...