ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДАБЫЛЫ: ҚОҚЫС ШЫҒАРАРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

18:12, 10 қаңтар 2019

​РКС: Жеке сектор тұрғындары қоқыс қалдықтарын немесе пештегі күлді тікелей қоқыс жәшігіне тастайды. Салдарынан қоқыс жәшіктері мен қоқыс таситын көліктер отқа орануда.

СНХ: ЮРИЙ ОРЁЛ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» ЖШС КӨЛІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ/// Біз үлкен шығынға ұшыраймыз. Яғни, металл майысып, бояуы кетеді. Біз бояуды сатып аламыз. Электр жабдығы, сым, түтікшелер толығымен күйіп кетеді. Қазіргі таңда автокөліктердің барлығы дерлік жаңартылған. Олардың түтіктері пластиктен жасалған. Ал олар бірден жанып кетеді. Крандар да алюминнен болғандықтан, балқиды. Бұл өте қауіпті.  

РКС: «Көкше Тазалық» серіктестігінің жүргізушілері автокөліктер жаппай жана бастаған кезде дабыл көтерген. Ыстық көмір мен ағаш күлі металлды зақымдайды. Автокөліктің мотор бөліктері мен ауа сүзгілері шаң-тозаңмен бітеледі. Әрбір осындай жағдайдан кейін автокөліктер ұзақ жөндеуге жөнелтіледі.

СНХ: ВИКТОР УХОВ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» ЖШС ЖҮРГІЗУШІСІ///Мен жүргізуші болғандықтан күн сайын осындай қиындыққа тап боламын. Әрине, бұл үлкен кедергі тудырады. Әсіресе, күл көп болған кезең ауыр. 31-нен 1-не дейінгі аралықта өз көлігім жанып кетті. Қазір бәрін ауыстырып, жөндеп жатырмыз.

СНХ: ОЛЕГ СКЛЯРОВ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» ЖШС ЖҮРГІЗУШІСІ///Былай қарағанда жанып жатпаған секілді. Ал аударып қарасаңыз, от лаулап жатады. Автокөлік жүрген кезде от тіпті өрши түседі. Өкінішке қарай, мұнымен ештеңе істей алмай отырмыз.

РКС: Қоқыс жәшігіне күл төгетін адамдарды тіпті қаржылық жаза да тоқтататын емес. Облыс орталығы аумағында белгілі абаттандыру ережелері бар. Оларды сақтамаған жағдайда айыппұл төленеді.

СНХ: РҮСТЕМ САПАРОВ, ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ/// Құрметті көкшетаулықтар. Полиция басқармасы Көкшетау қаласы аумағында абаттандыру ережелері қолданылатыны туралы естеріңізге салады.  Осы ереженің 21 тармағына сәйкес, күлді қоқыс жәшігі мен алаңдарға жинауға, сондай-ақ тастауға тыйым салынады. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда ҚР Әкімшілік кодексінің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оның мөлшері – 20 ең төменгі есептік көрсеткішті құрайды. Ал, қайта бұзған жағдайда  30 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

РКС: Шынында, бұл үлкен мәселе және оның шешімі өзімізге байланысты. Қоқысты шығарарда, есіңізде болсын. Оны тазалайтын адамдарға бұл оңайға түспейді.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЮРИЙ ОБЕРДИЕНКО

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар