ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ

18:51, 11 ақпан 2019

РКС: Жиында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының жаңа меңгерушісі таныстырылды. Бұл қызметті енді облыстық архив және құжаттама басқармасының жетекшісі болған Мәрзият Тохаева атқаратын болды.

РКС: Күн тәртібінде алдымен кәсіпорындар мен жұмысшылар арасындағы еңбек қарым-қатынасы мәселесі қаралды. Өткен жылы облыстық еңбек инспекциясы 523 кәсіпорынға тексеру жүргізді. Қорытынды бойынша, заңнаманың бұзылуына жол берген 256 кәсіпорындағы кемшіліктер түзетілген. Еңбек қарым-қатынасының бұзылуына қатысты деректер Көкшетау қаласында, Ерейментау, Есіл, Бұланды, Целиноргад аудандарында орын алуда. Сонымен қатар, өткен жылы еңбек инспекциясына жеке және заңды тұлғалардың 1700-дан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі жалақыны уақытылы төлемеуге байланысты.

СНХ: БЕРІК МҰСТАФИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ // Өткен жылы облыс кәсіпорындарының қызметкерлер алдындағы жалпы қарызы, банкрот болудың алдында тұрған ұйымдарды қоса есептегенде, 182,1 миллион теңгені құрады. 2 мыңнан қызметкердің алдында. Оның ішінде облыстың 70 кәсіпорнында 160,6 миллион теңге көлемінде қарыз анықталды. Жалақыны уақытылы төлемеуге байланысты деректер Сандықөтан, Ақкөл, Ерейментау аудандарында және Көкшетау, Степногорск қалаларында орын алуда.

РКС: «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жүйесі» жол картасының облыста іске асырылуы жиынның маңызды тақырыбының бірі болды. Бағдарлама аясында медициналық ұйымдарды интернетке қосу және компьютермен қамтамасыз етуге аса мән берілуде. Қазіргі уақытта облыстаңы медициналық мекемелердің интернетпен қамтылуы 48 пайызды құрайды. Бұл 570 мекеменің 273-і. Сонымен қатар, өңірдің денсаулық сақтау нысандарындағы 5504 жұмыс орнының 82 пайызы компьютермен қамтылған.

СНХ: СӘУЛЕ КИСИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  // Медициналық құжаттаманы 100 пайыз электронды форматқа ауыстыру – біздің басты мақсатымыз осы. Сондықтан, 2019 жылдың соңына дейін медиицналық  ұйымдарды 100 пайыз компьютермен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар, мобильді қосымшаны қолданатын тұрғындар санын 50 пайызға дейін көбейту мақсаты тұр.

РКС:  Осы жолғы жиында екпін берілген мәселе – облыстағы көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту. Қазір облыста 5306 көп балалы отбасы тұрады. Ай сайын оларға 4,16 айлық есептік мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Одан бөлек, жағдайы төмен көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Өткен жылы 1000-нан астам отбасы осындай қолдауға ие болды. Дегенмен, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлу керек. Өйткені, жақында ғана Астанада 5 бірдей баланың өрттен қаза табуы қоғам үлкен дүрбелең тудырды. Сондықтан, мұндай қайғылы жағдайлардың алдын-алу жұмыстарын күшейту керек. Айта кетек, қазіргі уақытта Ақмола облысында арнайы жұмыс тобы құрылды.   

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ///  Біріншіден, біз мұндай қайғылы жағдайлардың алдын-алуымыз керек. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін шараларды күшейтуіміз қажет. Сондықтан, мен облыс әкімінің орынбасарларынан, қаржы басқармасынан, бюджеттік жоспарлау басқармасынан 2019 жылға арналған бюджетті қайта қарауды сұраймын. Оңтайландыру, қажет емес шығындарды қысқарту есебінен көмекке мұқтаж, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуіміз керек.

РКС: Айта кетсек, Ақмола облысында мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үй алу кезегінде 22 мың 347 адам тұрса, оның 8939-ы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, ал 803 көп балалы азамат. Облыс әкімі қала мен аудан әкімдеріне көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар туралы ақпарат әзірлеуді тапсырды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...