ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ 470 ОТБАСЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

14:27, 21 мамыр 2020

 

 

ДК: Бүгінде әлеуметтік әлсіз топқа жататын 10 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Солардың бірі-көпбалалы ана Наурызгүл Тұрсынова. 4 баланы жалғыз өзі асырап отырған жалғызбасты ана тапқан-таянғанын жалдамалы пәтерге жұмсауда. Ал, осыдан 5 жыл бұрын тұрған үй кезегінің жақындайтын түрі жоқ.  

 

СНХ: НАУРЫЗГҮЛ ТҰРСЫНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: /қаз/ Көпбалалы анамын. Жалғызбасты. Жолдасым қайтқан. Бір балам мүгедек. +Біз квартира жалдап тұрамыз. Осында біз қазірден бастап балам мүгедек болған соң квота берілмейді. Квота берілмейтіндігі ол біздің диагнозымыз Ф-70, ЗР, ЗПР бізде. + Это умственное отсталость. Психиатрическая болезнь баламда.

РКС: Наурызгүлдің жолдасының дүниеден озғанына 1 жарым жыл болған. Содан бері, үлкен ұлының денсаулығы да сыр беріп, эпилепсия, өкпе демікпесі сынды аурулар қосарлана түскен. Мүгедектігі бойынша алынатын жәрдемақыны баланың дәрі-дәрмегіне жұмсаса, асыраушысынан айырылғанына және көпбалалы анаға төленетін жәрдемақыларға 3 бөлмелі пәтерді жалдауда.

СНХ: НАУРЫЗГҮЛ ТҰРСЫНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: /қаз/Қалған мен жұмыстан тапқан ақшам киім-кешек пен тамаққа кетіп отыр. +Үй кезегінде тұрмыз 2015 жылдан бастап. Қазір біз 120 кезектеміз. Очередь ақырын жылжып жатыр.  

РКС: Былтыр көпбалалы отбасылар үшін үй кезегінің арнайы тізімі жасалды. Бүгінде сол тізімде көпбалалы 470 отбасы тұр.

СНХ: АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ: /рус/ Сейчас по программе «Бақытты отбасы» получают направление.  В данный момент получили 45 из них. Уже выдали им направление на приобретение жилья по программе.  Получаются это те люди которые стоят у нас в очереди... «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жолдамалар берілуде. Бүгінде көпбалалы 45 отбасы пәтерлерге ие болды. Бұлардың барлығы бізде үй кезегінде тұрғандар.

РКС: Мәселен, өткен жылы осы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы 116 отбасыға пәтер кілті табысталған. Биыл да бұл дүркіннің жалғасы қарқынды болса, онда жалғызбасты әрі көпбалалы ана Наурызгүлдің де бағы жанып, жаңа пәтерге қол жеткізері сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...