ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ

17:18, 7 қараша 2019


Биыл Ақмола облысы бойынша көпбалалы аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалдамалы тұрғын үйлер салынуда, және көпбалалы аналар үшін арнайы пәтерлер сатып алынуда. Ал, жалпы 366 ақмолалық көпбалалы ана биыл баспаналы болмақ. Айта кетейік, облыс бойынша тұрғын үй кезегінде 23 мыңнан аса адам тұр, оның 1278-і  көпбалалы ана. Жергілікті билік өкілдері биыл бұл іске демеушілерді де тартып отыр. Аудандық тұрғын үй қорынан пәтерлерді бөлу, үнемделген қаржыға пәтер сатып алу сияқты мүмкіндіктер де барынша қолданылуда.

Біржан сал ауданының тұрғыны Гүлсара Кәкімова 7 баланың анасы. 10 жылдан аса тұрғын үй кезегінде тұрған ол 2018 жылы жалдамалы пәтерге қол жеткізген аудандағы жалғыз көпбалалы ана. Пәтер жалдап, көп қиындық көрген ана бүгінде мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке де ие.

ГҮЛСАРА КӘКІМОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА Біржан сал ауданы

Елімізге рахмет. Осындай алға басамыз деп ұмтылсақ та, бізге көмек беріп жатыр. Пәтеріміз үлкен, жылы. Көмек ретінде алтын алқа иегері болған соң 16 мың АСП төлейді. Бұл үлкен көмек болды.

Біржан сал ауданында бұған дейін тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген болатын. Биыл қаңырап бос қалған үйлерді қайта қалпына келтірудің нәтижесінде екі үй тапсырылмақ. Бұл үйлерден 7 пәтерді көпбалалы аналарға беру жоспарланып отыр. Ал, облыс бойынша биыл 366 көпбалалы отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.

ОЛЬГА ПОЛЯННАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

366 пәтердің 178-і жалдамалы тұрғын үй құрылысының нәтижесінде берілсе, 36 пәтерді бюджеттен үнемделген қаржыға сатып алу көзделген, 57 пәтер демеушілердің қаржысына, 79 пәтер 2018 жылы бой көтерген жалдамалы үйлер есебінен беріледі.

Бүгінде облыс орталығында тұрғын үй кезегінде 10 мыңға тарта адам тұр. Олардың 300-ден астамы көпбалалы отбасы санатына жатады. Шаһарда бой көтерген 7 жалдамалы баспанадан көпбалалы аналарға 63 пәтер берілді. Қазірде тағы бір үйден  пәтерлерді үлестіру жұмыстары жүріп жатыр.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, ШОҚАН ТӘУКИЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...