ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

16:28, 3 желтоқсан 2019

 


Біржан сал ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер кілті табысталды. Аудан орталығында сауықтыру-шынықтыру кешені мен өзге де тұрғын үйлер құрылысы жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралардың бел ортасында біздің түсірілім тобы да болып қайтты.  

Біржан сал ауданының шағын және орта бизнес иелері ауыл шаруашылығы  саласында толайым табыстарға қол жеткізіп отыр. Кәсіпкерлер мерекелік жәрмеңкеде өңір тұрғындарына өз өнімдерін  арзандатылған бағамен ұсынды. Бизнеске бет бұрған азаматтар арасында қызмет көрсету саласына да қызығушылық жоғары. Мереке күні өз ісін бастап отырған бұл нысан Жанаргүл Сабырованың көптен күткен арманы. Бұған дейін үйді-үйге барып қыз-келіншектердің шаш үлгісін әсемдеген шебер мемлекеттік бағдарлама аясында 1 млн. теңге несие арқылы өз ісін бастапты.  

ЖАНАРГҮЛ САБЫРОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Мемлекеттік бағдарлама аясында білім алып, шағын грант ұтып алдым. Сол қаржыға қажетті құрал-жабдықтарымды сатып алып, ісімді бастадым. Кейін қажетті ғимарат тауып, бизнес жоспар жасап, несие алдым. Осылайша, менің арманым жүзеге асты.  Алдағы мақсатым кәсіби шеберлігімді шыңдап, тұтынушыларыма жоғары сапалы қызмет көрсету.

Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Бұған дейін де жылдар бойы қаңырап қалған екі тұрғын үй қалпына келтіріліп, тұрғындарға табысталған еді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Степяк қаласында кезекті тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары мәресіне жетіпті. Жаңа баспана кілті көпбалалы отбасыларға табысталды.

ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Біздің Көшбасшымыз еліміздің бірлігін қамтамасыз етіп, Конституцияны, Республика заматтарының құқықтарын және бостандықтарын қорғады. Тәуелсіздік жылдары оның дана басшылығымен адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады. Және бүгіндері біз болашақтың жарқын боларына кәміл сенімдеміз.

ЖҰЛДЫЗ КУЛТЯБИНА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ

7 балам бар. Өте қуаныштымыз. Әкімімізге, осы істі атқарған жұмысшыларға да алғыс айтамыз.

Қазіргі таңда, кілті табысталған тұрғын үйден бөлек, 21 пәтерлі жаңа тұрғын үй мен шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келер жылы тағы екі жаңа үйдің тағаны тартылады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН.  ЖИҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...