ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

18:34, 15 мамыр 2019

РКС: Бұл отырыс жайлылығымен, жылылығымен ерекшеленді. Өйткені, залда тек аналар, нәзік жандылар қауымы болды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев әр ананың қосқан үлесіне тоқталды. Жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Ағымдағы жылы кезекте тұрған, көпбалалы – 1270 отбасы пәтер алатын болады.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы да сөз болды. 40-тан астам аз қамтылған отбасы тұрғын үйдің иесі атанады. Олардың армандаған пәтерге қол жеткізулеріне ақмолалық кәсіпкерлер көмектеспек.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ/// Біздің облыста бүгінде 14 мың көпбалалы ана тұрады.  Бүгінгі күні мемлекетіміз азаматтардың әл-ауқатын, табыстылығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Елбасының әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 4600 отбасы қамтылған. Яғни, бұл шамамен 23 мың адамды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, көмек алатын отбасылар саны 18 есеге, сомасы 9 есеге артқан.

РКС: Облыс әкімі ақмолалық нәзік жандыларды қоғамдық келісімді нығайтуда, отбасы құндылықтарын насихаттауда, неке және отбасы институтын нығайтуда қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапаттады.

СНХ: КҮЛӘШ РАҚЫМЖАНОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ///

РКС: Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова отбасы институттарының, аналар кеңесі мен әр түрлі әйелдер үйірмелері жұмысының маңыздылығы туралы айтты. Құндылықтар мен басымдықтар өзгеріске ұшырап жатқан жаһандық әлемде жастар мен олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріске ұшырайды. Бұл ретте, жолбастаушы адамның болуы маңызды. Себебі, мұндай бағдар – қазіргі қазақ қызына лайықты жар мен ана болуға және қоғамда белсенділік танытуына көмектеспек.

АЙЖАН АҚТАЕВА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...