ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

КӨПҚАБАТТЫ 4 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРУДЕ

20:15, 7 шілде 2020

ДК: Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс аумағында көпқабатты 38  тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұланды ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 4 бірдей тұрғын үй салу жоспарланған. Қазірде оның екеуінің құрылысы толық аяқталды.   

 

РКС: Макинск қаласында 733 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл олардың 200-ден астамы баспаналы болады деп күтіледі. Себебі, аудан орталығында  210 пәтерлік 4 үй салу жоспарланған. Бүгінде 110 пәтерлік екі үйдің құрылысы 100 процент  аяқталды. Қалған екі үйді жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделеді.

СНХ: СӘКЕН СЫЗДЫҚОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ   ///аударма: По двум домам 45 кв по Богенбая и по Космодемьянской 3 а 60 кв ведутся строительно-монтажные работы согласно графика.... Бөгенбай және Космодемьянская көшелерінің бойындағы 45 және 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр. Аталған екі жобаны ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Олар несиелік баспана болғандықтан, тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 7-20-25 бағдарламасы бойынша сатып алуына мүмкіндік жасалуда. ///

РКС: Жалпы, Ақмола облысы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы жөнінен биыл республика бойынша 6-шы орыннан көрініп отыр. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 275,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде.

СНХ: АСҚАР МҰРАТҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ   ///ҚАЗ. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 2 889,3 млн. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Ағымдағы жылғы жоспар бойынша жалпы ауданы 19 мың шаршы метр 6 жалға берілетін үй, 290 пәтер, оның ішінде 86 пәтер көп балалы отбасылар үшін пайдалануға беру көзделген.///

РКС: Қазірде  құрылысы жүріп жатқан көпқабатты 38 үйдің 20-сы жалға берілетін, 13-і несиелік, 4-уі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынған. Айта кетейік, несиелік тұрғын үй құрылысы бүгінде облыс орталығында ғана емес, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау аудандарында да жүргізілуде.

 

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ , ШОҚАН ТӘУКИЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...