ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫС ТОЙЫ

15:01, 12 мамыр 2020

 

ДК: Степногорск қаласында соңғы 30 жылда алғаш рет 45 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған баспана жуырда ғана пайдалануға берілді. Жаңа үйден пәтер кілттері кімдерге бұйырғаны туралы алдағы бейнематериалда толығырақ.

 

 

РКС: 6 баланың анасы Зәуре Қалиева жаңа пәтерде қоныс тойын тойлаған бақытты жанұя өкілдерінің бірі. Көпбалалы ана жылдар бойы баспана жалдап тұруға мәжбүр болған. Жолдасы қайтыс болған соң, бала тәрбиесі мен оларды асырау бір өзінің мойнында еді. Аспазшы болып еңбектенетін Зәуренің  жалақысына атаулы әлеуметтік төлем үлкен көмек. Үлкен қызы да жұмыс істеп,  анасына қолғабыс етеді.

СНХ: ЗӘУРЕ ҚАЛИЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА ///АУДАРМА: Мен 10 жыл бойы үй кезегінде тұрдым. Жуырда жаңа пәтерге қол жеткіздім. Қуанышымда шек жоқ. 3 бөлмелі пәтерім өте кең, жарық. Ең бастысы, балаларыма ұнайды. Қанша жыл пәтер жалдап тұрдық, баспанадан көп қиындық көрдік. Жаңа пәтердің кілті қолыма тиісімен бірден жүгіріп келіп, есік-терезелерді, еденді жуып, қашан көшкенімше асық болдым. ///

РКС: Зәуре мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдауға ризашылығын танытуда. Оның ең басты арманы баспаналы болу еді, онысы орындалды. Көпқабатты үй республикалық және жергілікті бюджеттің қаржысына салынды. Үйде барлығы 45 пәтер. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынғандықтан, оның 30 пәтері кезектегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына беріледі.

СНХ: ҚАЙРАТ ЖҰМАБАЕВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ   ///Аударма. 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 45 пәтерлі жалдамалы үйдің құрылысына қаржы бөлінді. Бүгінде тұрғын үй пайдалануға берілді, оған баспана кезегінде тұрған қала тұрғындары қоныс тепті. ///

РКС: Степногорск қаласында биыл тағы бір жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Сөйтіп, жыл соңына дейін тағы 45 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...