ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНДА 157 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МАҚСАТҚА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН

18:03, 6 ақпан 2020

Қорғалжын ауданы 931 097 гектар жерді алып отыр. Егістік көлемі 200 мың гектарды құрайды. Жайылымы 381 704 мың гектар. Шабындықтар орын алып отырған жер барлығынан көп. 637 2016 гектар. Осының өзінде 157 мың гектар жер мақсатқа сай пайдаланбай, бос жатқаны анықталды. Оның 24 мың гектары үкіметке кері қайтарылды. Қалған жерлер бойынша қожайындары табылып, тиісті ескертулер берілді,-деді жылдық есебін берген Қорғалжын ауданының әкімі.

Өңір экономикасын дамыту мақсатында Қорғалжын ауданының 123 463 гектар жеріне дәнді дақылдар себіліп, оның 110 мыңнан астам гектары орылған. Әр гектардан орташа есеппен 7,4 центнер өнім алынды. Жоспарланған 60 500 тонна шөп көлемі толығымен 100 пайызға орындалған.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: /қаз/ Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты егін шаруашылығында кейбір қиындықтар туындады. Бірақ соған қарамастан, келесі жылға тұқымды астық пен техникамызды сақадай сай дайындап отырмыз.

РКС: Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудың арқасында Қорғалжын ауданының мал шаруашылығы дамып, мал басы сапасын жақсарту көрсеткіштері артуда. Бүгінде аудан бойынша 22 035 ірі қара, оның ішінде 9 597 бас сиыр, 32 472 бас қой мен ешкі, 12 377 бас жылқы малы өсіріледі.  Мал басының өсу деңгейі өткен жылғымен салыстырғанда ірі қара 104 пайызға, оның ішінде, сиыр 101, жылқы малы 102 пайызға өскен. Қой мен ешкі малы 114,5 пайызды құраған.

СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: /қаз/ Аудан көлемінде елге белгілі бақара комбинаты жұмыс істейді. Сол арқылы біз Қытай мен Иранға етті экспорттап отырмыз. + Қазіргі кезде 10-нан астам шағын семьялық мал өсіру фермалары құрылды. Әрі қарай біз ИСПК, ИП халықты өзіне сай сауда –саттық, мал шаруашылығында жұмыс атқаруда қолғабыс жасап жатырмыз.

РКС: Аудандық маңызы бар 125 шақырым жолдарды күтіп-баптау жұмыстарына аудан бюжетінен 7,2 миллион теңге бөлініп игерілген. Жұмыс істеп тұрған кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 569, оның ішінде кіші кәсіпкерлік саны 110, жеке кәсіпкерлер 270, шаруа қожалықтары 189 бірлікті құрайды. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы 23 адам оқу оқып, жобалары арқылы 240 мыңнан грант алған. Бүгінде олардың барлығы өз ісін ашып, кәсібін дамытып келеді,- деді жылдық есебін аяқтаған Қорғалжын ауданының әкімі.  

Авторы: Айгүл Бекетқызы

Операторы: Дархан Сағын

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...