ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

КӨРКЕЙЕ БЕР, КӨКШЕТАУ...

18:44, 10 қазан 2019

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының бірқатар нысандарын аралап, кәсіпкерлік нысандарының қызметі, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жол құрылыс жұмыстарын бағамдады. Өңір басшысы облыс орталығындағы жол құрылысы қарқынын ширатып, әлеуметтік нысандардың жұмысына жіті қадағалауды тапсырды.

Мына «Хюндай» автокөліктері Қостанай қаласындағы «Сарыарқа» автоөнеркәсібінің өнімі. Корейлік көлік маркасын саудалау нысаны Көкшетауда наурыз айынан бері қызмет атқарып келеді. Бүгінге дейін 100-ден астам темір тұлпар өз иесін тауыпты. Өңір тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама аясында 4 пайызбен несиелендіру, компанияның қаржылық жеңілдік бағдарламалары да ұсынылады.

МАРИНА РОДИОНОВА, "ХЮНДАЙ" АВТОСАЛОНЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (орысша) Біздің автосалонымызда "Хюндай" автокөліктерінің 5 моделі ұсынылған. Өз сатып алушыларымызға "Хюндай финанс" жеңілдіктер бағдарламасын, көлікті сынап көру мақсатныда тест-драйв жүргізу мүмкіндігін ұсынамыз.

«Блэк» кәсіпорнынан шыққан астаулар бүгінде Көкшетаудың өз брендіне айналып үлгерген. Ұлттық нақыштағы ағаш бұйымдарды шығаратын кәсіпорын 30 жылдық мерейтой қарсаңында жаңа өндіріс ошағын іске қосты. Қазір мұнда 100-ден астам шебер еңбек етуде.

ЮЛИЯ ОЛЕЙНИКОВА, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ "БЛЭК" СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жаңа фабрика жаппай өндірістік бағытта жұмыс жасайды деп күтілуде. Біздің дистрибьюторлық желіміз Ақтау, Шымкент тәрізді қалаларды қамтиды. Бүгінде өніміміз барлық республика аумағына таралуда. 1800-ден астам бұйым түрін жасаймыз. Оның 160 түрі тұрақты өндірістік негізде жасалады.

Облыс орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі ұтымды қолданылуда. Қос тарапқа да тиімді тетіктің шарапатын көрген нысанның бірі-мына балабақша. Жеке кәсіпкер 43 млн. теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мектепке дейінгі білім беру ошағын қайта жабдықтаған.

Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының сапарын жол мәселесі түйіндеді. Күрделі жөндеу жүргізілген Вавилов көшесі Жайлау шағын ауданы мен Көкшетау-Зеренді тас жолын жалғайды. Бұл қала тұрғындарына біршама ыңғайлы. Әрі Кенесары көшесіндегі көлік ағынын реттеуге оң ықпал тигізеді.

АЛМАГҮЛ МЫРЗАБЕКОВА, ЖҮРГІЗУШІ

Өзім "Жайлауда" тұрамын. Қазір жолға кететін уақытымның 3-тен бірі қысқарды. Оның үстіне Кенесары көшесі бойында кептеліс көп еді. Ал мына көшемен еш кедергісіз бірқалыпты жүріп өтемін. Өте ыңғайлы.

Шаһардың Ғабдулин, Наурызбай батыр, Бейбітшілік көшелері жаңғыртылды. Мәлік Ғабдуллин көшесі бойындағы көпір құрылысы да жуық арада аяқталады. Өңір басшысы Абай, Сәкен Жүнісов көшелері мен Васильков шағын ауданына апарар жолайрық құрылысын алдағы 4-5 күнде аяқтауды тапсырды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  АЛМАС СӘДУӘҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...