ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС: ӘЛЕМДЕГІ АХУАЛ.

20:06, 26 наурыз 2020

 

ДК: Әлем бойынша COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 463 мыңнан асты. Індеттің өршуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Әлем тұрғындарының төрттен бі карантинде. Франция, Иран, Италия, Испания, Германия, Үндістан, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка және Египет елдері қауіптілігі жоғары «1 А» санатына жатады. Дүниені дүрліктірген дерт тіркелген елдер «1 Б» санатында. Жаһанды жайпап жатқан жұқпалы вирус жайлы әріптесім Бибінұр Әмірханқызының шолуына назар салыңыздар.

 

РКС: Әлемді әлекке салған коронавирус дертінің уыты әлі де қайтар емес. Ол бүгінде 196 ел мен аймақта тіркелді. Соңғы бір тәулікте қауіпті дертке 40 мың адам шалдыққан. Ал, жұқпалы  Вирустан көз жұмғандар саны 20 мыңнан асты. Қытай өзінде шыққан індетті жеңді деуге болады. Дегенмен, ол дүниенің төрт бұрышын шарлап кетті. COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 463 мыңнан асты.

Графика:

Қытай -81218  Италия – 74386  АҚШ – 64775 Испания – 47611  Германия-37323  

РКС: Дертке шалдыққандар саны бойынша бестікті Қытай бастап тұр. Онда вирусты жұқтырғандар саны 81218. Италияда 74386 адам ауырған. Бұл елде бір тәулікте 5 мың азамат қатерлі вирусты жұқтырған. 64775 науқас тіркелген АҚШ үшінші орында. Испания 4-ші, ал Германия 5-ші орында. Одан кейін Иран, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Ұлыбритания елдері тұр.

ГЕО: ИТАЛИЯ

ЗКТ: Қытай кеселдің алдын алғанмен, Италия ие бола алар емес. Дегенмен, соңғы 4 күнде вирусты жұқтырғандар саны азайған. Бірақ, бір түнде 683 адам өлімі тіркеліпті. Ал, қайтыс болғандар саны 7500-ден асып кетті. Бүгінде коронавирус Италияның барлық 20 аймағына тарап үлгерді. Елде 31 қаңтарда жарияланған төтенше жағдай әлі алты ай күшінде болады.  Қазір барлық мектептер мен университеттер, көңіл көтеру орны, спорт клубтары, сұлулық салоны, тау шаңғысы курорты және барлық мәдени мекемелер жабылған. Азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылды.

ГЕО: плашка

ГЕО: ИСПАНИЯ

ЗКТ:  Испанияда да коронавирус жұқтырғандармен мен қайтыс болғандар саны артып келеді. Соңғы тәулікте 738 көз жұмып, жалпы қайтыс болғандар саны 3 жарым мыңға жуықтады. Бұл індет тарауы бойынша Европадағы екінші ел. Билік түрлі шектеу шараларын жүзеге асыру үшін 15 күнге төтенше жағдай жарияланған. Пандемия басталғалы елде 47 жарым мыңнан астам адам вирус жұқтырған.

Францияда COVID-19 коронавирусынан көз жұмғандар саны 1 мыңнан асты. Әлемді жайлаған вирусқа байланысты Британия парламенті өз жұмысын тоқтатпақ. Аталған елде 8 мыңнан астам адам дертке шалдықса, Лондонда вирус жұқтырғандар саны 3 мыңға жуықтап қалды. Коронавирус Ресейдің  55 аймағына тараған. Ал,  бір тәулікте 163 адамнан жұпалы дерт анықталыпты. 2 азамат көз жұмды. Жалпы  вирусты жұқтырғандар 666. Ресейде келесі апта демалыс жарияланды.

Бейсенбіден бастап Оңтүстік Африка Республикасы мен  Үндістан елі  карантин шараларын енгізбек. Әлемді жайлаған дерт зауыттар мен фабрикалардың  жұмысын  тоқтатып экономиканың тұралауына әкеп соқты. Италия, Испания, Германия, Франция, сияқты дамыған елдерде адам өлімінің көптеп тіркелуі ең бірінші тұрғындардың бейқамдығынан. Санитарлық  нормаларды сақтамай індетке қарсы тұру шараларын дер кезінде іске асырмауынан,-дейді мамандар.  

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...