ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

19:21, 14 қазан 2020

ДК: Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық күшейтілді. Бұл туралы нөмірі 1 қалалық емхананың бас дәрігері Михаил Алексеев арнайы өткен брифинг барысында мәлімдеді.  Вирус жұқтырған науқастар саны бойынша соңғы күндердегі статистика қандай? Өңірде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме? Толығырақ тілші тарқатады.

ИНФОГРАФИКА:  Нөмірі 1 қалалық емхананың бас дәрігері Михаил Алексеев мәлімдеген статистикаға жүгінсек: 12 қазандағы жағдай бойынша қалалық емханада коронавирустық инфекция жұқтырған – 396 адам тіркелген. Оның 183-і симптомсыз науқастар. 389 адам емделіп шықса, 7-еуі ем қабылдауда. Ал 6 қазаннан бастап, яғни, бір апта ішінде 9 жағдай тіркеліпті. Сонымен, бүгінгі күні барлығы 16 науқас бақылауға алынған.  

12 қазандағы жағдай бойынша:

COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар саны – 396

Оның ішінде симптомсыз – 183

Емделіп шыққандар – 389

Ем қабылдауда – 7

6 қазаннан бастап бір апта ішінде 9 жағдай тіркелді.

Барлығы 16 науқас бақылауға алынған.

СНХ: МИХАИЛ АЛЕКСЕЕВ, № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ///рус/// 00:34 Жаңа ақпарат, өткен тәуліктерде 1 коронавирус, 3 пневмония жұқтырған науқас тіркелді 00:42

РКС: Емдеу хаттамасына сәйкес, емханада бактерияға қарсы препараттар, ибупрофен және басқа дәрілерді қосқанда 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Сондай-ақ, 13 оператор, 1 диспетчер жұмыс істейтін Call-centr де қосулы. Телефон нөмірі 96-62-62.

СНХ: МИХАИЛ АЛЕКСЕЕВ, № 1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ///аударма/// 00:03 № 1 қалалық емхананың коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы айтатын болсам, біріншіден емханаға кіре берісте блок бекеттер қойылуда. Бұл жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған, қызуы көтерілген науқастарды анықтау үшін керек. Ондай адамдар бірден фильтр кабинетіне жіберіледі. Бізде лас және таза деп екіге бөлінген фильтр кабинеттері бар. 00:31 Коронавирус инфекциясының белгілері бар науқастар лас фильтрге жіберіледі. Ол жерде фельдшердің тексеруінен өтіп, ПЦР-тесті арқылы сынама алынады.  

РКС: Жедел респираторлы вирустық инфекция, пневмония белгілері бар науқастарға үйден көмек көрсету үшін 18 мобильді топ жұмыс істейді. Оның ішінде 3-еуі ауылдық жерлерге тиесілі.

ГҮЛМАЙДАН КАТАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...