ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КОРОНАВИРУСТЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ӘСЕРІ

13:39, 20 мамыр 2020

 

ДК: Коронавирус пандемиясынан туристік бизнес көп зардап шекті. Бұл сарапшылардың пікірі. Өңірде 700-ден астам кәсіпорын осы салада жұмыс істейді, соның бәрі жабылуға мәжбүр болды. Жоспарлар аяқ-асты қалып, міндеттер орындалмады. Жолдамалар кейінге ығыстырылып, қаржы көзі азайды.    

 

 

 

РКС: Демалыс пен туризм индустриясы – экономика саласының ең басты тетіктерінің бірі. Ақмола облысы жыл сайын осы саладан 6 миллиард теңгеден астам кіріс тауып келген. Жазғы мезгілге дайындалатын 2 ай, яғни, сәуір мен мамыр босқа өтті. 

 

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: / РУСС/  Туристская отрасль терпит большие проблемы,....Туристік сала көп зардап шекті. Алайда, денсаулық қауіпсіздігі басты назарда. Осы жоққа кеткен екі ай өз нәтижесін беруде. Мәселен, жыл сайын мамыр айында өтетін Қазақстан-Ресей инфотуры өтпей қалды. Бұл Ресей елімен бірігіп атқарылар басты шаралардың бірі еді. Біздің туристердің 30 проценті осы елден келеді. Туристік бизнес 2 ай бойы еш қаржы түсіре алмады.  Бүгінде, қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етуде мемлекет алдында қандай да бір қаражаттандыру, өтемақылар беру сынды мәселелер тұр.

 

ГЕО: БУРАБАЙ

 

РКС: Облыстың бас санитарлық дәрігерінің мәлімдесіне сәйкес 25 мамырға дейін өңір ахуалы жіті бақылауға алынған. Егер, ол бір қалыпқа түссе, онда туризм нысандары ашыла бастайды. Оның өзінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Қонақүйлерге де оңай тимесі анық.

СНХ: ҚЫМБАТ ҚАЙДАРОВ, «АЛМАЗ» САНАТОРИЙІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: // РУСС/// Это вопрос многогранный....Бұл сұраққа әр қырынан келуге болады. Санитарлық дәрігердің барлық 18 талабын орындауға әзірміз. Бірақ, бұл көп қаржыны талап етеді. Мәселен, біз жазда 400 адамды қабылдай аламыз. Олардың барлығын 3 сағат сайын маскалармен қамтамасыз ету барысында айына 10 мың маска керек. Біріншіден, осындай көлемде оларды қайдан аламыз, және екінші мәселе, біздің қаржымызға қалай әсер етпек. Бұл маған үлкен шығыным болайын деп тұр.

 

РКС: Қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау бөлек мәселе,-дейді қонақүй қызметкерлері. Бүгінгі күні олар табыс көзі мен баға саясатына қаншалықты әсер ететіндігі жайлы толғаныс үстінде. Сондықтан, мемлекет тарапынан туризм саласына қандай да бір қолдау боларына үмітті.   

 

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА. ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...