ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

ҚОС БҰРЫМ - ҚЫЗДЫҢ КӨРКІ!

20:13, 20 наурыз 2019

РКС: «Бұрымды қыз»  сайысына  Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің бұрымы ұзын өнерлі деген студент қыздары қатысты. Бойжеткендер  шаш ұзындығы, қалыңдығы, оның күтімі, сәнді өрімдері мен қазақ халқының салт дәстүрлерін білуі бойынша бақтарын сынады. 

СНХ: ӘСЕМ ЫБЫРАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ НЕКЕ САРАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ // ////Мінекей көктемнің шуақты мерекесі келіп жетті. Наурыз мерекесі қарсаңында  «Бұрымды қыз» байқауын өткізуді шештік. Қазақ қызы жалпы сұлулықтың символы емес пе. Ал, қыз баласының   қос бұрымы  оның тәрбиесінің абыройының белгісі . 

РКС: Байқауға бұрымды бес қыз қатысты. Конкурс екі кезеңнен тұрды – өзін   таныстыру, шығармашылық өнер мен дефиле. Қыз балалар байқауға тыңғылықты дайындықпен келген. Әділ қазылар  қатысушылардың сырт келбеттерінен бөлек, білімі мен танымын тексерді. Қыздар арасынан ақылы көркіне сай Аққу есімді бойжеткен көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.    

СНХ: АҚҚУ АМАНЖОЛОВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ //// Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңнамасының үшінші тармағында қыз бала үшін  ең ауыр жазалардың бірі  ол бұрымын кесу болған. Егер қыз ардан аттаса немесе  күйеуінің көзіне шөп салса осындай жаза қолданған. Қыз баланың сырт бейнесінің көркі ол оның шашы деп есептеймін. Менің бұл байқауға қатысудағы мақсатым басқа қыздарға үлгі өнеге көрсету, қыз баласының тәрбиесін өнерін таныту. 

РКС: Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу  мақсат.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...