ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

КӨШІ-ҚОН ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

17:34, 10 қаңтар 2020

 


Қазақстан Респбуликасына келген шетел азаматтары енді уақытша тіркеуге тұра алмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 30 желтоқсанында бірқатар Заңға қол қойған болатын. Солардың қатарында Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарын тіркеуге қатысты Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Бұдан былай шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны асып өткен күннен бастап бір айдан артық тұруға рұқсат берілмейді және уақытша тіркеуге тұра алмайды. Бұл талаптар визасыз елдерден келген азаматтарға қатысты.

АҚЫЛБЕК МӘДІҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

2019 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Соған сәйкес, шетел азаматтарын уақытша тіркеуге рұқсат берілмейді. Ендігіден бастап, шетелдіктер Қазақстан Республикасында 30 күннен артық бола алмайды.   

Сонымен қатар, Қазақстанға келген шетел азаматтарының уақытша тұруы туралы рұқсат құжаттарын рәсімдеу оларды қабылдаушы жеке және заңды тұлғаларға міндеттеледі. Яғни, қабылдаушы тұлға шетел азаматы туралы үш күннің ішінде Ішкі істер бөлімін хабардар етуі тиіс. Бұл үрдіс заманға сай электронды форматқа көшірілген.

АҚЫЛБЕК МӘДІҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Шекара асып келген шетел азаматтары жайында ескерту механизмі Заңға сәйкес жазбаша жүргізіледі. Бүгінгі таңда хабарландыру процедурасы автоматтандырылған және «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің визалық-миграциялық порталы, EGOV порталы арқылы жүзеге асыруға болады.

Шетелдік азаматтың мемлекетте рұқсат етілген мерзімі белгіленген межеден асып кеткен жағдайда, дифференциалды айыппұл салынады. Мәселен, 10 күнге созылса, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем талап етіледі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің материалдары бойынша эфирге дайындаған

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...