ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҚОСШЫДА ҚОС ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

18:35, 11 маусым 2019

РКС: Ауыл тұрғындары тарапынан өздерін мазалайтын көптеген сұрақтар қойылды. Олардың қатарында қосымша жол белгілерін орнату, көшелерде бейнебақылау желісін көбейту, «Сергек» бейнекамераларының жұмыс істеуі мен мүліктік қылмыстардың алдын-алу да бар. Баршаға ортақ, маңызды мәселенің бірі – қоқыс төгетін орын мен ауыл аумағына елордадан рұқсатсыз әкелінетін қоқыс болып отыр. Сондай-ақ, полиция жұмысына қатысты ұсыныстар да айтылды. Мәселен, азаматтар жаяу және автопатрульдердің санын көбейтуді, қосымша полиция пунктерін ашуды, ауылдық полиция бөлімінің штаттық санын көбейтуді сұрайды. Елдімекен аумағында жеке өрт сөндіру бөлімін құру мәселесі де тілге тиек етілді. Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған Берік Біләлов әкімшілік полиция мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің басшыларына, Целиноград ауданы полиция бөлімінің бастығына барлық туындаған мәселелерді шешуге қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, департамент бастығы Целиноград ауданына сапар барысында Қосшы, Қоянды мен Талапкер ауылдарының учаскелік полиция бекеттерін тексеріп, барлық анықталған ескертулер мен кемшіліктерді жоюға қатысты нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, Қосшыда өткен осындай азаматтарды көшпелі қабылдау алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Аталмыш тәжірибе алдағы уақытта басқа өңірлерде де жалғасын табатын болады.

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША «КӨКШЕ-АҚПАРАТҚА» ӘЗІРЛЕГЕН АЙЖАН АҚТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...