ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨҢІРГЕ САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА

18:18, 14 қаңтар 2020

 


Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мұрат Теміржанов Көкшетау қаласындағы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» серіктестігіде болып, еңбек  ұжымымен кездесті.

Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы серіктестігі өз жұмысын 2012 жылы Қазақстан мен Беларусь елдерінің бірлескен инвестициялық жобасы аясында бастаған. Өндірістік цехтарға қажетті жаңа станоктар алынып, нәтижесінде шығырылатын техниканың қатары көбейген. Қазіргі таңда іргелі ұжымда 200-ден астам адам еңбекке тартылған.

СЕМЕН ДЫЛЕНЯ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГРО ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен 2019-шы жылы кәсіпорында жалпы сомасы 9 миллиард теңгенің 1500 бірлік техникасы құрастырылып шығарылды. Оның басым көпшілігі топырақ өңдеу, тұқым себу, егін жинауға арналған техникалар. Алдағы жылғы жұмыс жоспары бойынша техникалардың санын 3 мыңға жеткізу көзделген. Ал, компанияның қаржы айналымы 23 миллиардқа жуықтайтын болады.

Аймақта индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының  аясында құрылған кәсіпорынның тыныс-тірлішігімен танысқан Мәжіліс депутаты оң бағасын берді. Халық қалаулысы Мұрат Теміржановтың айтуынша іргелі ұжым санаулы уақыттың ішінде отандық машина жасау саласын дамытуға сүбелі үлесін қосып келе жатыр.

МҰРАТ ТЕМІРЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Осында 200 адам жұмыс істеп жатыр. Біздің ауылда жұмыс істейтін кісілерге трактор жасайды. Бұл үлкен жұмыс. Болашағы әлі де  алда. Біз қолдаймыз.  СКЛ+ Жақсы, Есіл, Жарқайың, Зеренді аудандарында болдым. Тұрғындар бізге бірнеше өзекті мәселе қойып, оларға жауап бердік. Бірнеше сұрақты жұмысқа алдық, сол кісілерге жазбаша түрде жауап береміз. Олар су туралы, жол туралы, сосын денсаулық туралы сұрақтар.  Менің ойымша бұл сұрақтарға біз толық жауап береміз.

Биылғы жылы кәсіпорын техниканың жаңа түрлерін құрастыруды қолға алмақ. Оның ішінде астық жинайтын комбаиндер мен тракторлардың жүздеген жаңа түрлері бар. Бұдан бөлек, мұнда егін себу мен оруға, оны тасымалдауға қажетті ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері де шығарылмақшы.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...