ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ

20:30, 10 шілде 2020

 

ДИКТОР: Коронавирустың таралуын 2 ай карантинде тоқтата алмаған үкіметке тағы 2 апта уақыт берілді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер мен әкімдерді қатаң сынға алды. Үкімет мүшелері, әкімдер өз мүмкіндігіне баға беріп, Мемлекетке пайдалы шешім қабылдасын. Дұрыстап ойланыңыздар, - деп мүмкіндіктерінің таразыға қойылғанын астарлап жеткізді. 14 күнде жағдай жақсармаса биліктің бүгінгі тобын ауыстыруға мәжбүр болатынын меңзеді.

 

КСМ: Алдымен мемлекет басшысы үкімет мүшелері мен әкімдердің жарты жылда істеген жұмыстарына қатысты есептерін тыңдады. Одан соң қалыптасқан қиын жағдайға биліктегілердің барлығы жауапты болатынын айтып, қатаң ескерту жасады.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

09:15 Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды.

 

КСМ: Бүгінгі атқарылып жатқан жұмыстың жеткіліксіз екенін, пандемиямен күресті, экономиканы қалыпқа келтіру жұмысын жетілдіру үшін бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрінің ұсыныстары мен талаптары бірінші кезекте орындалатын міндет болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, пандемия кезінде Денсаулық сақтау министрін ерекше мәртебеге және құзіретке ие деп есептеңіздер, - деді мемлекет басшысы.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

/аударма/ Жаздың жартысы өтіп кетті. Министрлер, әкімдер, Президент Аппараты қызметкерлері болсын демалысқа шықпайсыздар. Себебі бұл төтенше жағдай. Діпті демалыс деген сөзді ұмытыңыздар.

 

КСМ: Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы уақыттың жеткілікті болғанына қарамастан, індетпен күреске тиісті деңгейде әзірлене алмады. Әкімдер де өз міндеттерін тиісті деңгейде атқара алмады. Мемлекет басшысы осындай олқылықтарды анықтап, зерттейтін арнайы комиссия құруды тапсырды.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

(1 часть) 02:38 Қалыптасқан жағдайға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тарту керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен СҚ «Формацияның» басшыларын жұмыстан боасту керек, қажет болған жағдайда тергеу амалдары жүргізілсін.

 

КСМ: Жалпы коронавирус індеті ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан аса қажетті дәрі дәрмектердің және медициналық бұйымдардың жеткілікті қорын қалыптастыру міндеті тұр деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

04:39 Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?

 

КСМ: Отырыста экономикалық дағдарыстың әзірге дес бермей тұрғаны айтылып, оны шешудің жолдар қарастырылды. Карантин шаралары мен мұнай бағасының арзандауы ел бюджетіне түсетін кірісті күрт азайтты. Жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін ұлттық қордан қыруар қаржы тартылды.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

/АУДАРМА/ 11:42 ВВЕДЕНИЕ Жаңа карантин шараларының енгізілуі экономикалық жағдайды тіпті қиындатып жіберуі мүмкін. Үкіметтің бұған арнайы жоспары болуы керек. Қаржы жұмсалуы тиіс нақты бағыттарды анықтап алуымыз керек. Бастысы экономика және жұмыспен қамту. Үкімет пен ұлттық банкке жағдай қиындайтын болса түрлі салалар мен халықты қолдаудың қосымша жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

 

КСМ: Дағдарыспен күреске жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінген. Тек оны дұрыс пайдалана білу керек. Елге шетелдік инвесторларды тартуды да жалғастыра беру керек. Сондай-ақ Президен жер мәселесіне қатысты да бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

06:10 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

 

КСМ: Білім саласына қатысты да бірқатар қордаланған проблемалар ашық айтылып, министрлікке тапсырма берілді. Оқудың онлайын тәсіліне көшкен кезде цифрлық әлеуетіміздің әлсіз екендігі көрініп қалғаны белгілі.

 

СНХ: СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

19:03 Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан қашықтан тиімді оқыта алмады. Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс.

 

КСМ: Мемлекет басшысы үкіметке 5 күн ішінде шұғыл шешім қабылдаудың алгаритімін әзірлеуді тапсырды. Мұндай уақытта шешімдер 1 көп болса 2 күн ішінде қабылдауы керек деді.

 

СНХ: СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

/аударма / 24:55 я скажу откровенно. Ашығын айтайын. Осы отырысқа дайындық барысында маған кей облыс әкімдерін, ведмство басшыларын тіпті барлық үкімет мүшелерін отставкаға жіберуге кеңес берді. Халық бұны жақсы қабылдайды. Абыройыңыз артады деді. Бірақ маған мұның түкке де қажеті жоқ. Беделім үшін ойын ойнағым келмейді.

 

КСМ: Қасым-жомарт Тоқаев экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды өзінің екінші жолдауында қамтитынын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...