ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ САНЫ 5,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

16:31, 3 желтоқсан 2019

 


Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының жүргізген есебіне сәйкес соңғы 10 айдың ішінде құқық бұзушылықтың саны 6 пайызға жуық төмендегені байқалады.  8 884 қылмыс пен 1 404 қылмыстық теріс қылықтар тіркелген. Барлық қылмыстардың 77 пайызын меншікке қарсы қылмыстар құрайды.

Бұл ретте, аса ауыр қылмыс 9 пайызға артса, керісінше, ауырлығы орта қылмыс 12 пайызға төмендегенін ескеру қажет. Әсіресе, төмендеу көрсеткіші Қорғалжын, Есіл, Ерейментау, Егіндікөл аудандары мен Степногорск қалаларында байқалған. Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының бастығы ауырлығы орта қылмыстардың азаюының басты себептерін былайша келтірді.

КҮНСАЯ БАЛҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Менің ойымша, мемлекеттік органдармен жүргізілген алдын-алу шараларының арқасында ауырлығы  орта қылмыстың саны төмендеп отыр. Байқасаңыздар, қаламыздың өзінде бақылау бейне камералары  көбейген. Соған сәйкес, тонау фактілері де азайды. Бұл қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу шарасына жатады.

Қаланың ең қылмыстық аудандарын бақылау үшін ғаламтор желісіндегі qamqor.gov.kz мекен-жайында қылмыстық құқықбұзуышылық картасы орнатылған. Бұл карта арқылы қызығушылығы туындаған кез-келген азамат белгілі бір ауданның қылмыстық жағдайын көріп, сол арқылы тұрғылықты мекенді таңдауына, баласын оқыту үшін қауіпсіз ауданды іріктеп алуына әбден болады. Сонымен қатар, облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының өкілдері құқықтық бұзушылық бойынша өтініш берушілерге жіберілетін смс-хабарландырулар мен автоқоңыраулар қызметтерінің іске қосылғанын айтуда.

КҮНСАЯ БАЛҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Яғни, полиция қызметіне өтініш берген азаматтарға белгіленген мерзім ішінде қаралған өтініштерінің нәтижесі туралы смс-хабарландыру жіберіледі. Бұдан бөлек, автоқоңырау да соғылады. Егер өтініш беруші шығарылған шешіммен келіспеген жағдайда қайда қоңырау шалу керектігі айтылады. Яғни, біздің басқарманың телефоны беріледі. Біз келіп түскен қоңырауларды ескеріп, кездесіп, тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Осындай тексерістердің нәтижесінде 5 қылмыстық құқықтық бұзушылықты есепке алдық.

Қылмысты есепке алатынтын мамандардың айтуынша, барлық қылмыстардың ішінде өзгенің мүлкін тонау кең тараған. Қаскүнемдер көбіне қоғамдық орындарда жүріп, ұялы телефондарды тонауды әдетке айналдырған. Мұндай тонау фактілері көьіне Көкшетау қаласындағы қалалық аурухана, орталық базар, «Сұңқар» ықшам ауданы, «Автогородок» пен «Боровской» аудандарында көптеп тіркелген. Сонымен қатар, мамандар ғаламтор айлакерлерінен сақтануды ескертеді. Себебі, арам ісін тікелей байланыссыз ғаламтор арқылы жүзеге асыратындардың қылмысы 4 пайызға артқан.

Авторы: Айгүл Бекетқызы, Операторы: Дархан Сағын

Тақырып бойынша материалдар

«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
17:59, 5 желтоқсан 2019
«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
16:00, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:23, 29 қараша 2019
ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
16:25, 29 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Толығырақ...