ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

18:52, 8 қараша 2018

РКС: Құқықтық сана және құқықтық мәдениет мемлекет дамуының басты принципінің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Ақмола облысының бірқатар өңірінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сандықтау ауданының жұртшылығы Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері жайын талқылады. Спикерлер елдегі өзгерістер енгізілген еңбек заңнамасы, ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары, адам құқықтарының концепциясы тақырыптарын егжей-тегжейлі ұғындыруға тырысты.

СНХ: ТАСТЕМІР ӘБІШЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ХАТШЫСЫ///  Елбасының адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Сандықтау ауданының мемлекеттік қызметткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арнайы семинар өткізіп жатырмыз. Ауылдық жерлерде қалаға қарағанда құқықтық ақпарат алу деңгейі төмен. Азаматтардың өздерінің құқықтық міндеттерін білуі біз үшін өте маңызды.

РКС: Елімізде ресми тіркелген 45 мыңға жуық мигранттар жұмыс жасайды, тіркелмегені қаншама. Дегенмен миграциялық құқықты барша қауым білі бермейтіні арнайы мониторинг арқылы анықталған. Демек халықтың, әсіресе шалғай елдімекендерде өмір сүретін тұрғындардың да құқықтық нормалар мен міндеттер жайлы сауаты аз, осы олқылықтың орнын толтыру үшін биылдан бастап еліміздің барлық өңірлеріне түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілмек. Қазіргі уақытта шағымның сотқа барып, тез шешілуін қалайтын азаматтардың қарасы көп. Бірақ құқықбұзушылық акттерді сотттың шешіміне жүгінбей-ақ шешетін арнайы мекемелер баршылық. Жиында осындай мекемелердің атқаратын істері мен мүмкіндіктері халыққа кеңінен түсіндірілді.

СНХ: АСЫЛБЕК ЕСМАҒАМБЕТОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  ///Аудан жұртшылығын жинап, арнайы келген қонақтармен бірігіп семинар-тренинг өткізіп жатырмыз. Халықтың құқықтық санасының жоғары болуы еліміз үшін өте маңызды. Сондықтан Елбасының тапсырмасын лайықты орындауға тырысып жатырмыз.

РКС: 2015 жылдың 23-ші қарашасында бекітілген Қазақстанның Еңбек құқығында біраз өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізілген. Еңбек келісімі бойынша нақты 13 пункт қарастырылған. Жұмыс беруші мен жұмысшы аталған бөлімдерден тыс өзара келісімдер жайын қарастыра алады. Қазақстан азаматының шет елдегі құқықтық міндеттемелері, жалпы мемлекеттердің адам құқығын сақтаудағы халықаралық ынтымақтастығы қалай жүзеге асырылады? Ақпарат алу және ақпарат таратудың негізгі заңнамалық талаптары қандай? Халықаралық құқық институттарына жүгіну тәртібі қалай жүзеге асырылады? Жиын қатысушылары осы және өзге де сауалдарға жауап алды.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...