ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!

15:27, 12 тамыз 2019

ДК: 11 тамыз барша мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын Ораза айттан 70 күн өткеннен кейін басталады. Мұсылман қауымы үшін аса қастерлі саналатын Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды.

РКС: Облыс орталығындағы  «Науан Хазірет» мешітіне таң сәріден жиналған халықтың қарасы көп. Барша қауымды облыс әкімі Ермек Маржықпаев  айтулы мейраммен шын жүректен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жолдады.  Өңір басшысы өз сөзінде елдің бірлігі мен ынтымағы жарасқан жарқын күндері көп болып, татулығымыздың бір айғағы – дінішілік ынтымақ екенін атап өтті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Баршаңызды мұсылман қауымның басты мейрамы – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Құрбан айт қазақы салт-дәстүрлермен біте қайнасып кеткен мейрамдардың бірі. Себебі, дана халқымыз ежелден ағайын-туысты, жақындарды құрметтеп бауырмашылықты ту еткен. Иісі мұмылмандар үшін Құрбан айт мерекесі елімізде үлкен құрметке ие. Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасыға бейбітшілік, амандық, береке тілеймін.Құрбандарыңыз қабыл болсын.

РКС:  Бүгінгі таңда өңірде аталмыш мейрамның құрметіне бірқатар ауқымды іс-шаралар да жоспарланған.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, «НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ Міне иісі мұсылмандарға қастерлі болған Құрбан айт мейрамы да жетіп қалды. Қасиетті Құрбан айт мейрамы барлық мешіттерде жоғары деңгейде аталып өтілуде. Құрбан айтқа шалынған малдың еті үшке бөлінеді. Бір бөлігі үйге, бір бөлігі жақындарға, бір бөлігі мешітке беріледі. Осы ретте, біздің мешітке де бірнеше тонна ет жиналады. Біз ол етті өңірдегі мұқтаж отбасыларға таратуды жоспарлап отырмыз.

РКС: Соңғы жылдары елімізде Құрбан айт мейрамы қазақы нақышта аталып өтіп келеді. Оның айқын дәлелі, биыл облыс орталығындағы мешіттердің мұрындық болуымен  ұлық мейрамның құрметіне Красный Яр елді мекенінде ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылды.

СНХ: ЕРСІН РАХМЕТ,  ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ Жарыс жақсы өтіп жатыр. Мен бірінші айнылымда ұттым. Жеңістен үміттімін. Бұл жарысқа Бірлестік ауылынан келдім.

РКС: Сонымен қатар, жиналған халыққа мерекелік тағылымды іс-шара да ұйымдастырылған. Елге рухани азық беретін өнер иелері сахна көрігін қыздырды. Иә, қорыта келгенде  бұл күні адамдар өздерінің құлшылық амалдарымен және шалған құрбандықтарымен Жаратушыға бір табан жақындап, дұға тілейді. Ұлтымыз ұлық тұтар мейрам – Құрбан айт құтты болсын!

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...