ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

КУРОРТТЫ БУРАБАЙ ДАМУ ҮСТІНДЕ

18:25, 16 мамыр 2018

РКС: Туристер үшін қызмет және сервистің сапасын арттыру мақсатында бүгінде Бурабай өңіріндегі қонақ үйлер мен отельдер сертификациялаудан өтіп, жұлдыздар алуда. Жаз маусымы басталғанша, сертификат алған қонақ үйлердің санын 26-ға дейін жеткізу жоспарлануда.  Облыс әкімі қонақ үй нарығын дамыту және қызмет көрсету сапасын басқару механизмін қалыптастыруда өңірдің туристік саясатын жетілдіруді тапсырды.

СНХ: ДАНИЯР ИДИЯТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ   //қаз. Қазіргі таңда Бурабай өңірінің туризмі жақсы дамып келеді деуге болады. Өйткені, біздің объектілер қазір сертификациядан өтуде. Сертификация өте жақсы нәрсе. Отельдер қазір жұлдыздар алып жатыр. Бурабай курортында жаңа іс-шаралар бастау алуда. Мәселен, велопробег

РКС: Аймақ басшысы тиісті мемлекеттік органдарға туристердің қонып, демалатын орындарында қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар Кемеревода болған қайғылы оқиға тәрізді келеңсіздіктерге жол бермеуге шақырды. Осы мақсатта курортты аймақта кез келген турист қоңырау шалып, көмек және ақпарат сұрай алатындай бірыңғай байланыс нөмірін енгізуді тапсырды.  Оған қоса, Бурабай курортты аймағында қосымша жол және ақпарат белгілерін орнату жоспарланған. Айта кетейік, маусымның 1-іне дейін Бурабайда кемпинг және автотұрақ алаңдары ашылуы тиіс.

СНХ: ҚАНАТ ҚАРАУЫЛОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ   ///АУДАРМА: Идет строит бульвара...Қазіргі уақытта орталық паркке апаратын демалыс алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Оның ені 12 метр. Ұзындығы 65 шақырым. Оған демалуға арналған орындықтар қойылатын болады. Осыған сәйкес, демалыс алаңы толықтай абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары мен көлік жолдары да салынбақ.

РКС: Жиын соңында өңір басшысы Бурабай кентінің бас көшесімен жүріп өтіп, көшелердің тазалығы мен абаттандырылуына мән беру қажеттігін айтты. Сонымен қатар жағажайдағы тазалыққа, туристер үшін сапалы дәретханалардың болуына назар аударды. Сонымен қатар жуырда ашылған «Жайлау» этноауылымен танысты.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...