ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ЖЫЛЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАР

20:23, 29 маусым 2020

 

https://www.youtube.com/watch?v=oqG9s5vUFuA

Диктор кадрда: Көкшетауда студенттік құрылыс отрядтарына алынған жастар еңбек алаңдарында жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінге дейін ерікті  жастардан  2 отряд жасақталған.   

РКС: Студенттік еңбек отрядтарында бүгінде негізінен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері жұмыс істеуде. Жастарға қойылатын негізгі талап жасы 18-ге толған, еңбек қауіпсіздігімен таныс және денсаулықтары жақсы болуы шарт.  Сұлтан Қадырбеков Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3 курс студенті. Құрылыс алаңында еңбек етіп жүргеніне 2 апта болған. Бүгінде ол нөмірі 8 мектептің күрделі жөндеу жұмысында еңбектенуде. 

СНХ: СҰЛТАН ҚАДЫРБАЕВ, СТУДЕНТ///қаз.//Жұмыс қиын емес. Құрылысшылар алдымен үйретті. Сағат 9-дан кешкі 6 дейін жұмыс істейміз. Бір жағынан құрылысты істеп үйренеміз. Және ақша тауып отбасымызға көмектесеміз./

РКС: Жалпы студенттік құрылыс отрядында 40-қа жуық жас еңбектенуде. 2 отрядтың бірінде Қытай, Моңғолия, Өзбекстаннан келіп білім алып жатқан  жастар бар. Еңбекақы жұмыстың күрделілігене байланысты төленуде.     

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ///қаз.///Еңбекақы төлеу жүйесі әртүрлі. Бір жерде күніне төлеп тұрады. Кей жерлерде аптасына бір рет алады. Балалар риза. Айына шамамен 80-85 мың теңге көлемінде ақша табады. Студенттік құрылыс отрядтарына сұраныс бар. /

РКС: Студенттік құрылыс отрядтары сабақ басталған уақытқа, яғни тамыздың  соңына дейін жұмыс істейтін болады.   

М.АЙБАБИНА, П.СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР  САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
18:50, 30 қараша 2020
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АЛТЫ ҮМІТКЕР САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
18:39, 30 қараша 2020
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...