ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

19:37, 10 тамыз 2018

РКС: Ақмола облысы құрылыс саласы қарқын алған өңірлердің қатарынан. Мәселен, биылдың өзінде көлемі 39 мың шаршы метрді құрайтын 17 көпқабатты тұрғын үй құрылысы салынып, қолданысқа берілмек. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынатын нысандарға қоса жеке құрылыс компанияларының да баспана құрылысындағы үлесі 65 пайызды құрайды. Жалпы, 7 жылдың ішінде Ақмола облысы бойынша 1,5 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынған.

СНХ: ЕЛЕНА ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///: Өңірімізде құрылыс саласы қарқын алып келеді. Әлеуметтік нысандарға келсек, облыс орталығында бүгінде онкологиялық орталық салынуда, балабақшалар мен мектептер, облыс аумағында өндірістік нысандар бой көтеріп жатыр. Мұның барлығы құрылыс саласы мамандарының еңбегі. ///

РКС: Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің дамуында құрылыс саласы мамандарының қосқан үлесін сөзге тиек етті. Жиын барысында  еңбегімен еленген сала мамандары  тиісті марапаттарға ие болды. «Құрылыс саласының құрметті ардагері» медаліне ие болғандардың бірі облыстық құрылыс басқармасында жемісті еңбек еткен Брайда Багманов болды.

СНХ: БРАЙДА БАГМАНОВ, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ   Құрылыс саласының қызметкерлерімен бүгінде облысымыз көркейіп  дамып келеді. Жалпы, құрылысшы мамандығының ел дамуында атқаратын рөлі зор. ...

РКС: «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында тұрғын үй құрылысымен қатар бірқатар әлеуметтік маңызы зор нысандардың бой көтеруіне ат салысқан «Эксперт-арсенал» серіктестігінің бас директоры Бек Шәймерденов марапатталды.

СНХ: БЕК ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ЭКСПЕРТ-АРСЕНАЛ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ//. Құрылыс саласында 2001 ші жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Соңғы жылдары өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алды. біздің компаниямызбен соңғы жылдары  10 шақты үй салынды. Сонмыен қатар біз басқа әдлеуметтік нысандар, өндірістік цехтер құрылысымен айналысамыз. ////

РКС: Тұрғын үй құрылысы қарқын алған өңірде алдағы жылы 500 мың шаршы метрді құрайтын баспана салу жоспарлануда. Бұл әрине, аз емес. Айта кетейік, өңірімізде құрылыс компанияларының саны да жыл санап артып келеді. яғни, бәсеке бар жерде, сапаның болары сөзсіз.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
18:39, 22 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
18:39, 22 қазан 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҚОҚИҚАЗ» ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
15:18, 16 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Толығырақ...