ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚҰС ӨСІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

13:35, 20 мамыр 2020

 

ДИКТОР:  Өткен жылы "Бастау бизнес" бағдарламасы аясында бірқатар ақмолалық өздерінің іскерлік идеяларын жүзеге асыра алды. Осы ретте  бағдарлама аясында Зеренді ауданының тұрғыны  Райхан Сәрсенбаева  өзінің арманына қол жеткізді. Грант иегері атанып, шағын кәсіп ашқан.  Жолдасы екеуі қаз өсірумен айналысады. Бүгінде кәсібі отбасылық бюджетке қолдау. Сәрсеновтар отбасы келесі жылы шағын кәсіпті кеңейтуді жоспарлап отыр. 

РКС: Райхан Сәрсенбаева  ауылда кәсіп ашып,  оны табысты ету деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Өткен жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға ие болған. Бүгінгі күні кәсібін дөңгелетіп отыр. Кейіпкеріміздің кәсібі  заманауи үлгідегі бизнесвуменге мүлдем ұқсамайды. Десе де, ол өзі таңдаған кәсіптің  хас шеберіне айналғандай. 

СНХ: РАЙХАН СӘРСЕНБАЕВА,  КӘСІПКЕР ///русс///250 мың теңге көлемінде  грант алдым. 170 қаз сатып алдым. Алғашқы кәсіптің бастауы  қараша және желтоқсан айларында болды. Осы жылы тағы 100  қаз сатып алдық. Алдағы уақытта құс санын тағы көбейтпекпіз. Және келесі жылға  аналық қаздарды алып қаламыз.  

РКС:Сәрсенбаевтар отбасы бір маусымда 100 қаздан 300 мың теңге таза пайда көреді. Жолдасы Мұрат қаз өсіру тиімді бизнес түрі екенін айтады. Ең бастысы ерінбей, күтіп- баптау.  

СНХ: МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВ,  КӘСІПКЕР ////русс///Осыдан 6-7 жыл бұрын қаз өсіре бастадық. Алғашқы екі апта жем-суын беріп өсіріп аламыз. 100 балапанға 30 кг қорек керек. Содан кейін арпамен, ұсақталған бидай бере бастаймыз, Үйіміздің жанында кең жаймылым бар. Сол жерде өсіреміз.

РКС:Қаз өсіріп, етін сату тиімді кәсіп түрі. Алғашқы балапандарды сатып алуға кеткен қаражат ақталады,- дейді кәсіпкерлер. Сәйкесінше қаз санын көбейтуді жоспарлап отыр. Жалпы Зеренді ауданы бойынша "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 37 адам 200 жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алған.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА,  ДАНИЯР ЖЕТПИСОВ, «КОКШЕ АКПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...