ШҰҒЫЛ! ӨЗІН-ӨЗІ АСЫРАҒАН АУЫЛ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ

19:33, 18 қазан 2019

19 қазан – құтқарушылар күні. Адамзатты түрлі апатты жағдайлар мен тұтқиылдан туындаған қауіп-қатерден, тілсіз жаудан, жол-көлік оқиғаларынан құтқаруға асығатын құтқарушы мамандығы зор қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап етеді. Аталмыш датаға орай Көкшетау қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде мереке қарсаңында жас құтқарушылар ант қабылдады.

Биыл елімізде Төтенше жағдайлар комитетінің құрылғанына 24 жыл. 1995 жылы Президент Жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет құрылған болатын. Қазіргі таңда комитет қарамағында 100-ден астам ведомстволық бағынысты ұйым бар. Мемлекеттің барлық облыстары бойынша 30 мыңнан астам құтқарушы қызмет етсе, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің қарамағында 1444 құтқарушы аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

МАНАРБЕК ШАПАҒАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Ағымдағы жыл бойынша Департамент тарапынан атқарылған 1352 жедел құтқару шаралары аясында 285 адам құтқарылып, 562 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Зардап шеккен 107 азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Біздің құрылым үшін тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау аса маңызды. 

Биыл Көкшетау қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 21 жас құтқарушы ант қабылдады. Құтқарушы мамандығының жауапкершілігін сезініп келген жалынды жігіттердің бойында рухтың жігері есіп тұрғандай. Ер-азаматтармен қатар нәзік жандылар да қауіп-қатерге толы мамандыққа өз қалауларымен келген. Құтқарушы қатарына қабылдану үшін бұл жастар біршама сынақтардан сүрінбей өткен.

ЖАРҚЫН ШАЯХИМОВ, КАДР САЯСАТЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Құтқарушы болу үшін бірнеше кезеңнен тұратын байқаудан өту керек. Бірінші Мемлекеттік қызмет агенттігіне тест тапсырып, сертификат алғаннан кейін бізге келеді. Біз оларды аймақтық әскери-дәрігерлік комиссияға жібереміз. Денсаулығы жарамды болғаннан кейін байқауға қатыстырып, сынақ қабылдаймыз. Жүгіру, тартылу, яғни физикалық тұрғыдан. Байқаудан соң сұхбаттасу болады да, өткендерін қатарымызға аламыз. Үш ай мерзімі ішінде бұлар сынақтан өтеді, одан кейін алғашқы дайындықтан өтеді, содан кейін ант қабылдап, бірінші атақ-дәрежесі беріледі.

Ант қабылдау рәсімінен соң төтенше жағдайлармен күресуде ерен еңбек етіп жүрген құтқарушыларға құрмет көрсетіліп, марапатталды.

(дронмен түсірген) Адам өмірі – ең қымбат сый. Өкінішке орай, табиғи апаттар, өрт, жол-көлік оқиғалары сынды қайғылы жағдайлар жиі туындап отырады. Осындай сәттерде өз бастарын қатерге тігіп, адамзатты құтқаруға асығатын абзал мамандық иелері – құтқарушыларды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
19:36, 20 қараша 2019
ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
19:22, 18 қараша 2019
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
Толығырақ...