ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚУЫРШАҚТАР ӘЛЕМІНІҢ ПАТШАЙЫМЫ

20:28, 13 қыркүйек 2017

Бұл - жетпісті жетелеген Альбина Байковская. Осы уақытқа дейін 700-дей сұлу бикештерді жинаған оны қуыршақтар әлемінің патшайымы дерсің. Ал қолындағы мына қуыршақ  зұлмат соғыс жылдарында өскен баланың алғашқы ойыншығы. Сол қиын-қыстау заманның тынысына қанық Альбина Кириллқызы қуыршақтың қадірін түсініп, бүгінде олардың ешқайсысын тастамай, жинап отырған.

Альбина Кириллқызының қуыршақ жинауды әдетке айналдырғанын білген жақындары оның жинағын толтыруға әрдайым қол ұшын беріп отырады.

Сондай-ақ кейіпкеріміздің жиған-терген екі жүздей қоңыраулары бар. Бұл жердегі жәдігерлердің бәрінде тұнған сыр жатыр. Бірі екіншісіне ұқсамайды, әр түрлі, әр жерден келген. Коллекция жинаушының жұбайы да әйелінің ерекше хоббиіне тек қолдау білдіріп отырады.

Альбина Кирилловна тек коллекция жинаумен ғана емес, ақындығымен де көзге түсіп жүрген талантты жандардың бірі. 20-ға жуық кітаптары жарық көрген. Жыр мен қолданбалы өнерге жақын оның тек бір арманы бар. Жылдар бойы жинаған осынша көп қуыршақтарын бір жерге жиып, көпшілікке көрсететін мұражай ашсам дейді. Тек соған қажетті қаражаттың жеткіліксіздігі қуыршақтар әлемінің патшайымына кедергі келтіріп отыр.

Айгүл Мырзағалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

14 ЛАЗАУЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
17:46, 22 қыркүйек 2017
14 ЛАЗАУЫМДЫ ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар