ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

19:58, 16 қыркүйек 2020

Диктор: Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл Ақмола облысы бойынша  800-ден астам азамат Отан алдындағы борышын өтейді. Бүгіннің өзінде Көкшетау қаласы бойынша қалалық  әскери медициналық тексерістен 200-ге жуық болашақ сарбаз өткен.

РКС: Елдегі карантиндік шаралар бозбалалардың сарбаз атануына еш кедергісі жоқ. Бірақ, санитарлық талаптарға сәйкес тексеруден өткізіліп жатыр. Олардың білімі деңгейі, денсаулығы мен физикалық дайындығы, моральдық-психологиялық жағдайы мұқият тексеріледі. 

СНХ: ӘДІЛ АМАНГЕЛДИЕВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ //қаз//Әскерге шақыру комиссиясынан өттім. Денсаулығым мықты. Енді мен шекара қызметіне барайын деп жатырмын. Әр азамат әскери борышын атқару керек.  

РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 800 сарбазды әскерге шақыру жоспарланған.  Олар әскери-медициналық бақылаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскери құралымдарындағы бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтей алады. Комиссиядан өткен 200-ге жуық азамат командаларға жасақталып, әскери міндетін аттануға дайын. Тағы екі команда жасақталу үстінде.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ//қаз//Өздеріңізге мәлім болғандай Президенттің Жарлығы шыққан, көктемгі және күзгі әскерге шақыру және үйлеріне қайту туралы бұйрыққа қол қойылған. Бүгінгі күнге қыркүйек айында күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр.

РКС: Болашақ сарбаздардың денсаулығын тексеру қалыпты жағдайда өтіп жатыр.  Комиссия құрамындағы 9 дәрігер шақырылушылардың денсаулығын тексеруде. Ақмола облысынан шақырылғандар еліміздің Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, Әуе, Қорғаныс,  Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне борышын өтеуге жіберіледі. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсанның аяғына дейін жалғасады.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...