ШҰҒЫЛ! ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН! Толығырақ

ҚЫМБАТ ДЕМАЛЫС

18:46, 10 маусым 2019

Тілші: Гүлнәр Қонысбаева қомақты қаржы төлеп, өткен жылы екі қызын лагерьге жіберген. Алайда, балалар үйлеріне қайтуға асығыпты. Себебі қызмет көрсету деңгейі төмен. Демалыс орындарындағы жағдай мен баға мүлдем сай келмейді, - дейді Гүлнәр.

СНХ: ГҮЛНӘР ҚОНЫСБАЕВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///Бағасы өте қымбат. 80 мың что ли, или 90 мың ба? 85 мың ба? 10 күнге представляйте?! Мынадай ақшаға лучше в Турцию слетаем. Лучше үйде болсыншы, менің көзімде. Бәлен мың ақша бересің, сосын звондасаң, туалет сасиды, жиіркеніп бармайды олар.  

Тілші: Жазда Ақмола облысында қала сыртындағы 20 лагерь жұмыс істейді. Көпшілігі жеке меншік. Бір жолдаманың құны 40 мыңнан басталады. Бұл білім басқармасына қарайтын лагерьдің бағасы. Оның өзі тегін демалушыларға толы. Сондықтан болар облыста балаларды қала сыртындағы демалыс орындарымен қамту көрсеткіші 14 пайыз ғана.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///Жалпы қала сыртында лагерлердің бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 40 мыңнан 80-85 мың теңге көлемінде, енді оның ішінде өздеріңіз білесіздер, біліммен қамту қоры бар. Осы біліммен қамту қорынан жетім балалар, тұрмысы төмен отбасылары ақысыз осы қала сыртындағы лагерлермен қамтамасыз етіледі.

Тілші: Бұл саладағы кәсіпкерлердің бағаға қатысты өз уәжі бар. Балалар демалысы көп шығынды талап етеді. 5 мезгіл тамақ, тәлімгерлер, дәрігерлер, қосымша білім беру мамандары қажет. Коммуналдық төлемдер де арзан емес. Демалыс орындарының көпшілігі Бурабай мен Зеренді де орналасқан. Ал бұл жерлер ерекше қорғалатын аймақтар қатарында. Сондықтан әр адам үшін 255 теңгелік төлем тағы бар.  

СНХ: ҚАЙРАТ СҰЛТАНОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ/// Балаларды сауықтыру орталықтарына "Балапан" бағдарламасының қағидасы бойынша көмек көрсету керек. Мемлекет бала-бақшаларға әр бала үшін шығынның бір бөлігін төлейді. Сондықтан қазір бизнес бұл салада белсенді. Лагерьлерге де сондай мемлекеттік қолдау қажет. Бұл өте ауыр, жауапкершілігі жоғары сала. Балалар демалысына коммерциялық емес, әлуметтік кәсіпкерлік ретінде қарасақ қана мәселені шешуге болады.  

Тілші: Шығынның бір бөлігін мемлекет өтесе, лагерлердің жүктемесі де артар еді. Сәйкесінше, табыс өседі. Осылайша, кәсіпкерлер жазғы уақытта балалар демалысын ұйымдастыруға кешенді мемлекеттік қолдау тетіктері керектігін алға тартуда. Олай болмаған жағдайда, бизнестің бұл саладан кетіп қалуы әбден мүмкін, - дейді олар.

Ермек Елберген

Тақырып бойынша материалдар

САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ  КЕПІЛІ
18:41, 23 тамыз 2019
САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ – ДАМУ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ЫНТАДАН!
14:56, 21 тамыз 2019
ИЕРУСАЛИМ–КӨКШЕТАУ. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫНТАДАН!
Толығырақ...