ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ҚЫМЫЗ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

20:29, 2 маусым 2020

 

ДК: Бие байлап, қымыз ашыту.  Бұл көптеген ауыл тұрғындарының жаз мезгіліндегі негізгі кәсібі. Ұлттық сусын – жанға шипа. Әсіресе қазіргі уақытта дайындалған қымыз өнімдеріне  сұранысқа жоғары. Көкшетаулық  кәсіпкер Ақыл Нұрмағанбетова күніне  300 литр қымыз өнімін дайындайды. Өзінің арнайы цехы мен қымызханасы бар. Әріптесім Абзал Азаматұлы көріп қайтты.

РКС: Ақыл Төлеубекқызы ата кәсіппен 10 жылға жуық айналысып келеді. Бұл кәсіпті таңдауының да негізгі себебі бар. Ол 2013 жылы қатерлі ісік дертіне шалдығады.  Кәсіпкердің айтуынша,  медециналық дәрі-дәрмектерден бөлек,  жаңа сауылған саумал мен қымызға жүгініп, дертінен айығады. Бүгінде ол қалада арнайы цех ашып, жұмысын жандандыруда. Яғни, цехта заманауи электрондық күбілер, саумалдың сапасы мен құрамын анықтайтын қондырғалар орнатылған.  

СНХ: АҚЫЛ НҰРМАҒАНБЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///қаз/// Мен ауырып жүрген кездері өзімнің алдыма мақсат қойдым. Яғни, бұл дерттен толық жазылсам, осы кәсіппен айналысам деп. Сол мақсатқа жеттім.++Өнімді Қызылсая және Молодежное ауылдарынан, «Құлагер» шаруа қожалығынан аламыз. Әкелген саумалды мына пастелизатордан өткіземіз. Бұл саумалды әрі жылытады, тазалайды. Содан кейін күбіге құйып, қымыз қыламыз.

 

РКС: Иә, қымыз ашыту  ерекше икем мен күтімді қажет етеді. Кәсіпкердің  ендігі көздегені  қымыз дәмімен балалар сусынын жасап шығару. Ол үшін қажет арнайы жабдықтарды жасатып, қондырғалар алғызуда.

СНХ: АҚЫЛ НҰРМАҒАНБЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР///қаз///Екі аптаның ішінде келеді. Қазір балаларды білесіз ғой. Газдалған пепси басқа да сусындар ішіп, денсаулықтарын құртуда. Ал, біз қымызға түрлі дәмдеуіштер қосып, шиенің, құлпынайдың тағы басқа дәмдеуіштер қосып балалар сусынын жасағымыз келеді. Ыдысын да Ресейден алғызып жатырмыз. Балалар қызығатын құтыда болады.

 

РКС: Қазіргі таңда шипалы сусынның бағасы да шарықтап тұр. Осы ретте Ақыл Нұрмағанбетованың өзінің тұрақты  тұтынушылары да бар.

СНХ: АМАНГЕЛДІ ҚАЗИҰЛЫ, ТҰТЫНУШЫ//қаз// Осы қымызхананың қымыздарын аламыз. Аптасына  екі рет келемін.  Осы жердің қымызының сапасы да жоғары. Дәмді және бағасы да қолайлы. Әйтпесе, базарларда да қымыз толып тұр ғой.                                     

РКС: Ата кәсіпті жаңғыртқан кәсіпкердің бүгінгі жұмысы көңіл қуантады. Ол қымызханада шипалы сусыннан бөлек, қаймақ, ірімшік, май өнімдерін де саудалайды. Ақыл Нұрмағанбетова алдағы уақытта  осы кәсібін одан әрі кеңейтуді көздейді. Айта кету керек, жалпы өңірде бие байлап, қымыз ашыту науқаны мамыр айының соңынан басталып, қыркүйек айында аяқталады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...