ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

«ҚЫС-2019» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ

18:14, 6 қараша 2019


Қытымыр қыс төтенше жағдайларға да себеп болып жатады. Жолға шыққан көліктер қар құрсауында қалып, от жағу маусымында өрт саны да күрт өседі. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мамандары республикалық оқу-жаттығу шаралары аясында арнайы техниканы сайлап, жеке құрамның әзірлігін пысықтады.

«Қыс – 2019» оқу-жаттығу шаралары өңірде қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлармен күрес тәсілдерін пысықтауға бағытталған. Қажет болған жағдайда барлық күш құрылымдары мен медицина мамандары, ауыр техника жылдам әрекет етуі тиіс. Сала мамандары төтенше жағдай қызметкерлерінің жабдықталуы мен кәсіби даярлығына оң баға берді.

ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыстық жылдам әрекет ету отряды 40 техника мен 90 адамнан, Көкшетау қалалық жылдам әрекет ету отряды 38 техника мен 96 маманнан құралған. Бұл республикалық оқу-жаттығу шаралары аясында біздің мамандар қыс айларында күрт артатын төтенше жағдайлармен күрес тәсілдерін шыңдайды. Әсіресе, жол үстіндегі апатты жағдайлар жиілейді. Облыс аумағында 7 мың 890 шақырым жол болса, оның 254 нүктесінде қар деңгейі төтенше жағдайға душар етуі мүмкін.

Оқу-жаттығу шаралары аясында жол бойында орын алуы мүмкін апатты жағдай қарастырылды. Жаттығу сценарийі бойынша қыстың күні көктайғақтан көліктер соқтығысып, адамдар жол үстінде қалған. Қозғалтқыштан өрт шығып, жағдайды одан әрі ушықтырған.

ӘСЕТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы жағдайы талданды. Оқиға орнында жедел жәрдем, өрт сөндіру, жергілікті атқарушы органның техникасы мен мамандары қызмет атқарды. Мұндай оқу жаттығу шаралары осы аталған қызметтердің жылдам әрі өзара тиімді әрекеттестігін қалыптастыру үшін маңызды.

Өңір әкімдіктері 42 ірі кәсіпорынмен меморандумға қол қойған. Қандай да бір жағдаймен жолда қалған азаматтарға 239 жылыту орны мен 174 тамақтандыру орны да сайланыпты. Құтқарушылар өңір тұрғындарына боранды күндері жолға шықпауға және жер үйлерде өрт қауіпсіздігін қатаң қадағалауға кеңес береді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ.  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...