ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

15:12, 6 қаңтар 2020

 


2020-шы жылдың алғашқы жұмыс күні басталмай тұрып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жанындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру,  нөмірлерді дайындауға қатысты қызмет көрсетуде бірқатар қиындықтар туындаған. Аталған мекеменің жұмысының қашан реттелетіні әлі белгісіз. Орталықтағы қызметтерге қолбайлау болған кедергілердің түйінін әріптесім Ерболат Серікбай тарқатады.  

Мамандардың айтуынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қарасты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосуға байланысты реттеу жұмыстары жүргізіліп  жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге қатысты бірқатар функциялар іске қосылу үстінде.

УӘЛИХАН ЖҮНІСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПРОЦЕСС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

ҚР Ішкі істер министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіндегі деректемелер базасының жаңартылуына байланысты 4 қаңтардан бүгінгі күнге дейін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарындағы жаңа электрондық ақпараттық жүйені іске қосу және ретке келтіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсету барысында көлікті тіркеу немесе тіркеуден шығару және жүргізуші куәлігін беру уақыты біршама созылуы мүмкін. Жалпы деректемелер базасын жаңарту қызмет көрсету мерзімін жеделтедуге және сапасын жақсартуға бағытталған.

Мамандар бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізілген деректемелер базасына жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін біршама уақыт қажет екендігін айтады. Қазіргі таңда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды жүйе сақадай-сай жұмыс істеп тұр. Іске қосылған жаңартылған ақпараттық жүйенің кем-кетігі көрініп жатса, дер кезінде ретке келтірілетін болады. 

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...