ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР МЫҢДАҒАН ҚЫЛМЫСТЫ АШУҒА КӨМЕКТЕСТІ

13:50, 15 қазан 2020

ДИКТОР:  Кинологиялық орталықта шабуыл және басып алу бойынша іс-шараларды өткізу кезінде қызметтік иттерді басқарудың жаңа лазерлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен жыл басынан бері екі жарым мыңға жуық қылмыс ашылған. Қызметтік иттер аймақтағы полиция департаментінің барлық қылмыс ашу деректеріне қатысады.

РКС: Бүгінде облыс полициясының кинологиялық қызмет орталығында 54 қызметтік-іздестіру иттері бар. Олардың 22-сі облыс орталығында, қалғандары аудандық полиция бөлімдерінде. Ағымдағы жылы олардың көмегімен 1 600-ден аса ұрлық фактілері ашылды. Одан басқа қызметтік иттер 44 тонау мен 14 қарақшылықты ашуға көмектесті. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша тағы 26 операция жүргізуде маңызды рөл атқарды.

СНХ: АРМАН ДҮЙСЕНБАЙ, КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ / / / орыс / / / Бұл лабрадор тұқымды ит, аты  "Чокко". Ол бізге 2011 жылы келді. Одерологиялық іріктеу бойынша Ішкі Істер Министерлігі кинологиялық орталықта дайындалады. Ол өзіне жүктелген міндетті  85 процентке дейін дәлдікпен орындайды. Біз басқа облыстармен де жұмыс істейміз. Мысалы, бұл ит бірде-бір одерологиялық сынақтардан мүдірген емес.

РКС: Мұнда неміс және бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спаниельдер және басқа да ит тұқымдары қызмет етеді. Олар із кеседі, жарылғыш және есірткі заттарды табады, сонымен қатар конвой мен патрульдің қызметін де атқарады.

СНХ: САНЖАР САҚЫШЕВ, КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОР-КИНОЛОГЫ /// орыс/// Бұл итке алты ай. Бастапқыда жалпы жаттығу курсынан, содан кейін арнайы оқу-жаттығу  курсынан өтеді. Келесі жылы осы қызметтік итпен Алматы қаласы Ішкі істер министерлігі Кинологиялық орталығында қылмескерлерге қарсы шабуылдау бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Ит атудан, яғни, қатты дыбыстан қорықпауы керек, иесіне барынша мойынсұнғаны дұрыс. Бұл – іс-қимыл кезінде жақсы нәтиже береді.

РКС: Орталық алдағы уақытта көмекші иттердің санын көбейтуге ниетті. Бұл кинологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АСЛАН ӘБУТАЛИБОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...