ШҰҒЫЛ! «7-20-25» - ҚОЛАЙЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒДАРЛАМА Толығырақ

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР – СЕНІМДІ СЕРІК

18:22, 8 қараша 2019


2019 жылдың басынан қызметтік иттердің көмегімен облыс аумағында 510 қылмыстың беті ашылған, оның 60-тан астамы есірткінің заңсыз айналымына қатысты. Яғни, бүгінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыспен күресте төрт аяқтылар кинологтардың сенімді көмекшілеріне айналған. Көкшетаудағы №14 орта мектебінің оқушылары Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына саяхат жасап, кинологтардың күнделікті атқаратын жұмыстарымен танысты.

Кинологтардың төрт аяқты сенімді көмекшілеріне айналған қызметтік иттер бүгінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Олар әсіресе, қылмыскерлерді іздеу мен есірткіні анықтауда таптырмас көмекшіге айналды. Кинологиялық орталықтың жұмысымен танысуға келген балаларға арнайы дайындалған қызметтік иттердің қылмыскердің ізіне түсіп, қалай  құрықтайтыны паш етілді. Кездесу барысында оқушылар төрт аяқтыларды күтіп-баптау ісімен және оларды жаттықтырудың ерекшеліктерімен танысты. Айта кетейік, қызметтік иттер із кесу, есірткі мен жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және одрология бойынша кинологтарға көмек көрсетеді. Бүгінде кинологиялық қызмет орталығында 54 қызметтік ит бар.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША «КӨКШЕ АҚПАРАТҚА» ДАЙЫНДАҒАН БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ӨТГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
18:48, 11 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ӨТГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ДАНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
18:45, 11 желтоқсан 2019
ДАНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ҰСТАЗДАР  ЖЕҢІСІ
16:21, 11 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ҰСТАЗДАР ЖЕҢІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
16:49, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...