ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

16:52, 11 шілде 2019

РКС: Аймақтағы дәрігерлер балалардың міндетті түрде екпе алулары керек екендігін ескертеді. Бұл пікірді қала тұрғындары да қолдап отыр.

СНХ: МАРИНА АЛЕКСЕЕВА,  ҚАЛА  ТҰРҒЫНЫ Мен толығымен қолдаймын. Ол бекер жасалып отырған жоқ. Мысалы, Африка елдерінде қызылшадан өліп кеткендер де бар. Десе де, қазір біздің елде екпе алуға барлық мүмкіндік бар. Ақпан айында қызылшаға қарсы екпе алдық. Мамыр айында туберкулезге қарсы екпе алдық.

РКС: Қызылша тез таралатын жұқпалы аурулардың бірі. Алғашқы 2-3 күнде баланың қызуы көтеріліп, 3-5 күнге дейін бөртпе шығады. Міне, дәл осы уақытта сырқат асқына түседі.

СНХ: ГҮЛНӘР БАЛТАШЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Сондықтан, алдын-алу шаралары алдымен эпидемияға қарсы шаралардан басталады. Қазір балаларға неге екпе саламыз? Өйткені қызылшамен екепе алмағандар ауырады. Салдарынан, ауру асқынса, энцифалит пен минингитке айналуы мүмкін. Яғни, ағзаның қызметі бұзылады. Сол себепті, қызылшаға қарсы екпеден бас тартуға шақырамыз.

РКС: Тез таралуға бейім инфекция енді екпе алатын жасқа жетпеген, яғни 1 жастағы балаларға залалы тиюде. Республикадағы  бас  санитарлық дәрігердің қаулысына сай, 2019 жылдың бірінші сәуірінен бастап, тұрғындарды қосымша иммунизациялау басталды. 9 айлық  сәбилер енді екпе алатын болады.

СНХ: МАРЖАН  ҚАСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ Медиициналық қызметкерлер  9-10  айлық  сәбилерді  иммунизациялауды республикадағы бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай жүргізуде. 2018 жылдың соңынан бастап, елдегі эпидемиологиялық жағдай асқына түсті. Бір жасқа толмаған балалар, әсіресе осы 9-10 айлық сәбилер қызылшамен ауырды. Нәтижесінде осындай қаулы шығып отыр. Соған сай біздің медициналық қызметкерлер иммунизация жүргізуде.

РКС: Қызылшаны емдеу стационарлық тәртіп бойынша жүргізілуде. Егер науқастың жағдайы қиын болмаса, амбулаториялық ем көрсетіледі. Ақмола облысы бойынша жыл басынан бері қазіргі уақытқа дейін осы дертке шалдыққан  152 адам тіркелген. Соңғысы 21 маусымда орын алған.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...