ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ

16:25, 12 қыркүйек 2019

Зеренді ауданына қарасты Қызылтаң ауылында бокс залының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Яғни, залдың ішкі құрылыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда сыртқы  әрлеу жұмыстары қолға алынған. Толығырақ тілші тарқатсын.

Бұл бұрындары елге қызмет жасаған шағын мекеме болған. Ал, бұл күні іші-сырты сырланып түгел жаңарған. Спорттық кешеннің жалпы аумағы 70 шаршы метр. Аталмыш спорттық кешен құрылысына осы ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Әнуар Есмағұлов демеушілік етуде. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда құрылысқа 3 млн теңге көлемінде қаражат  жұмсалған.  

ӘНУАР ЕСМАҒҰЛОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Ауылға бір жақсылық жасаймын деген ой болған.  Бір жылы мектеп директоры болған Серік Қожантайұлымен әңгімелескенде айтқан осы ауылға бір спорт зал керек деп.  Сондықтан, міне, енді сәті түсіп тұрған секілді. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.Ішіне жаңа ринг пен грушалар қойдық. Банерлар ілдік.

Қызылтаң ауылында бұл күні  бокспен айналысатын жасөспірімдердің ұзын саны 25-тен асып жығылады. Жас былғары қолғап шеберлері облыстық, республикалық бәсекелерде топ жарып жүр. 

ЕРГЕН АБУШАХМАНОВ, ЖАС БОКСШЫ

Боспен айналысқаныма 6 жылдай уақыт болды. 5 сыныптан бастап жаттығып келемін. Міне, енді ауылда бокс залы ашылып жатыр. Сол залда тұрақты дайындаламыз.

Оқушыларды  екі бапкер жаттықтырады. Олардың бірі – спорт шеберлігіне үміткер Серік Құдайберген. 22 жыл аталмыш мектепке басшылық еткен. Қазір еңбек демалысында. Бірақ, зейнеткерлікке шықса да  боксқа ынтық болған Серік Қожантайұлы бұл күні оқушыларды жаттықтырып, алдағы жарыстарға дайындайды. 

СЕРІК ҚҰДАЙБЕРГЕН, СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҮМІТКЕР

Мен 1972 жылдан бастап бокспен айналыса бастадым. Сол жылдан бастап 1980 жылға дейін көптеген жарыстарға қатыстым. Бізде бокс үйірмесінің ашылғанына 33 жыл болыпты. Ол кезде бізде бокс залы тұрмақ спорт залда болмады. Бізге зал бокс арман еді. Енді міне сол арманымыз орындалып жатыр.

Айта кету керек,  спорттық кешен осы айдың аяғына дейін қолданысқа берілмекші.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

           

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...