ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЗА АЛАСЫЗ БА?

18:52, 8 қараша 2018

РКС: Ағымдағы жылдың 19 ақпанында қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиі бекітілді. Соңғы үлгідегі латынша жазу 32 әріптен тұрады. Бүгінде әр жерден бой көрсеткен латынша жазуға көптің көзі үйрене бастады. Алайда, қолына қалам алып, өз есімін таңбалап көрмеген де жандар аз емес. Жалпыұлттық диктант осы олқылықтың орнын толтырып, жаңа емленің қолданыстағы артық-кемшілігін бағалауға мүмкіндік береді.

СНХ: МАРАЛ ЖАҚЫПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /// Диктанттың түпнұсқасын «тіл-әлем.кз» сайтында дұрыс жазылуымен салыстыруға болады. Қағаздағы жазбаны фотоға немесе сканерге түсіріп жіберу керек. Нәтижесінде, тұрғындарға қиындық тудырып отырған жазу емлелері анықталады. Әрі, осылайша, сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалайсыз.

РКС: Диктант жазуға ниетті азаматтар өз жұмыс орнында, білім беру мекемелерінде өзінің грамматикалық біліктілігін сынай алады. Тілдерді дамыту басқармасы әр мекемеде диктант өткізуге жауапты тұлғаларды белгілеуді ұсынып отыр. Айта кетелік, жазу емлесінде де түбегейлі өзгерістер орын алмақ. Жаңа емле 9 тараудан тұрады. Аталған диктант жалпы көпшіліктің осы емле ережелерін қаншалықты оңай игере алатынын және қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін анықтауға бағытталған.

РКС: Жазған диктантыңызды Емле.кз»,  «тіл - әлем.кз» «тіл – қазына.кз» сайттары арқылы тексеруге болдады. Нәтижесінде А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты жалпы көпшіліктің латын графикасына бейімділігін бағамдайды. Мәтін аудиожазба түрінде ұсынылады. Ақмола облысы бойынша 80 мың адам диктант жазады деп жоспарланған.

Ауғанбек Манарбекұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар