ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІН МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІС-СЕМИНАР

19:30, 16 мамыр 2019

РКС:  Бұған дейін 9 өңірді аралаған республикалық орталықтың жетекшісі латын әліпбиін меңгеру орта мектепті бітіргендер үшін қиындық туғызбайтындығын айтты. Өйткені, Менделеевтің кестесі, физика, геометриядағы формулалар латын қарпімен берілген. Әлемдік танымал брендтердің өзі латын әліпбиімен таңбаланады. Жаңа реформаны жылдам меңгерудің бірнеше тәсілі де бар.

СНХ: ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ «ТІЛ ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ///Астана, Алматы қалаларында  дүкендер, сауда орталықтары латынға әлдеқайда жазған.  Көкшетауда бір байқағанымыз – осы кеңістікке көңіл бөлу керек сияқты. + Мысалы, мен осы жерде неке сарайын көзім шалып қалды. Ол ғана емес, басқа да мекемелердің атын латын әліпбиімен жазу керек. Яғни, латынның көш алымдық, көз дағдылық кеңістігі болу керек. Сондай кеңістікке үйренген адам әрине тез үйренеді.

РКС: Жоспар бойынша биылғы жылдың соңына дейін 2500 адам жаңа әліпбимен танысып, сертификат алады. Білген-түйгенін әрі қарай өзгелерге үйретеді. Қазіргі таңда ғылыми  орталық 700-дей адамды оқытқан. Ақмола облыстық  оқу-әдістемелік орталығы да жан-жақты жұмыс атқаруда.

СНХ: САЛТАНАТ МАҒАЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ, //// Біздер барлық облыстық басқармаларда  қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі жұмыстарына байланысты насихат дәрістерін жүргізіп жүрміз. аудандармен өте тығыз қарым-қатынастамыз.  Әр аудандарға барып, осы дәрістерді беріп жүрміз. Кеше ғана біз осы Шортанды ауданына барып келдік. Халықтың ықыласы, қызығушылығы өте жақсы. Өте белсенді.

РКС: Латын әліпбиі бәсекеге 230 есе қабілетті екен. Өйткені, әлем бойынша кириллицаға қарағанда латын қарпін қолданушылардың саны басым. Сондықтан, жаңа тіл реформасынан ұтарымыз көп, - дейді «Тіл қазына» ғылыми орталығының мамандары.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...