ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

«МАХАББАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

14:47, 12 маусым 2019

РКС: Александр Теряник Степногорск қаласында туған. 11 жасында балалар үйіне қабылданып, Динара Рахымбекованың қолында 25 жасына дейін тәрбиеленген. Балалар үйінен түлеп ұшқан Александр техникалық лицейде білім алған. Бүгінде, «Қазақалтын Technology» компаниясында экскаваторшы болып жұмыс істейді. Екі жасты ортақ достары таныстырған. Алина да балалар үйінде тәрбиеленген. Екеуі бір жарым жыл бұрын бас қосып,  кішкентай ұлы Артемды бірге тәрбиелеп, өсіріп отыр.

СНХ: АЛЕКСАНДР ЖӘНЕ АЛИНА ТЕРЯНИК, ЖАС ЖҰБАЙЛАР    ///   Күйеуі:  Бізді Кристина таныстырды. Екеуміз де балалар үйінде тәрбиелендік. Сосын отбасын құрдық. Айелі: Баламыз 7 айлық. Күйеуі: Байқауға өтініш берген едік. Маған хабарласып, жеңімпаз атандыңыз дегенде өз өзіме сенбедім.

РКС: Әлеуметтік жобаны «Аристократ» мейрамхана кешенінің директоры Айнаш Барямова ұйымдастырған. Үйлену тойларын ұйымдастыру үшін қаншама жастардың ата-аналары жүгіріп, дайындалып жүреді. Соны күн сайын көріп жүрген Айнаш Барямова өзінің тойын өткізе алмай жүрген қаншама жасты есіне алып, оларға көмектесер әлеуметтік жобаны қолға алуды ұйғарады. Бұл ойын түрлі салада жүрген басқа да демеушілер қолдаған.  

СНХ: РОЗИЯ НӘБИЕВА, АЛИНАНЫҢ ӘЖЕСІ  /// Балалардың қуанышында шек жоқ. Бақытты. Мен Өзбекстан елінен келдім. Осындай керемет той болады деп ойламадым. Барлық демеушілерге алғысымыз шексіз. Баламызды өсіріп, өндірген балалар үйіне де рахмет.

РКС: Жас жұбайларды құттықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев пен білім басқармасының жетекшісі Талғат Жүнісов тойға келіп, қуаныштарымен бөлісті.

СНХ: МАРАТ ИҒАЛИЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:   /// Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан бүгін Александр мен Алинаны құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай керемет күн әр жасқа бұйыруы керек деп ойлаймын. Үйлену тойын өткізуге көмектескен барлық демеушілерге алғыс білдіреміз. Ал, жас жұбайларға тек бақыт тілеймін. Ұл өсіріп отырғандарын білемін. Кішкентай балғынның денсаулығы мықты болсын.

РКС: Үйлену тойын 20-ға жуық демеуші дайындаған. Бас ұйымдастырушы Айнаш Барямованың айтуынша, әлеуметтік жоба өте сәтті өтті. Ендігі жоспарым осындай шараларды тұрақты өткізіп тұру,- дейді ол.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕРЕЙМЕНТАУДА 19 ТАРИХИ НЫСАН БАР
19:19, 20 тамыз 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕРЕЙМЕНТАУДА 19 ТАРИХИ НЫСАН БАР
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУ – ТАБИҒАТҚА ҚИЯНАТ!
19:10, 20 тамыз 2019
ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУ – ТАБИҒАТҚА ҚИЯНАТ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
15:06, 16 тамыз 2019
СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
18:00, 16 тамыз 2019
ӨҢІР ДИҚАНДАРЫ 4 МИЛЛИОН ГЕКТАР АЛҚАПТАН АСТЫҚ ЖИНАЙДЫ
Толығырақ...