ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

МАЙДАНГЕР: «МЕН ЖЕҢІСТІ ОКОПТА ҚАРСЫ АЛДЫМ»

19:40, 6 мамыр 2020

 

ДК: «Көкше» телеарнасының ұжымы көрермендерді майдангерлермен таныстыруды жалғастыруда. 95 жастағы Илья Марченко-соғыс жылдарының куәгері. Ол естен кетпес ескі жылдар бейнесі мен қазіргі бейбіт кезді салыстыра қарайды. Ардагердің сөзінше, кез-келген кезеңде  патриотизм, құрмет, ерлік бірінші кезекте тұрады.

РКС: Илья Марченко бұрынғы Көкшетау облысы Володарское елдімекенінде дүниеге келген. 17 жасында әскерге шақырту алады. Үшінші Украин майданының 92-ші гвардиялық дивизиясының құрамында әскери борышын өтейді. Сұрапыл жылдар  жаңғыры ардагер санасында мәңгі сақталып қалды.

СНХ: ИЛЬЯ МАРЧЕНКО, МАЙДАНГЕР//аударма// 1943 жылы Днепрден өткеннен кейін біз сол жаққа көштік және саперлік күректермен окоптар қаздық. Бізді терең қазуға мәжбүрледі. Ал біз жаспыз, бәріміздің жасымыз 18 еді+ Мен қазып тастап винтовканы брустверге салдым. Ал, өзім окоп ішінде отырмын. Бір кезде толастаған жау оқтары айналаны алай-дүлей қылды. Мен қатты қорқып кеттім.

 РКС: Илья Марченко Днепрден өтіп бара жатқанда жараланады. Одан соң госпитальге түседі. Жарасы жазылған соң қайтадан ұрыс даласына аттанады. Ол өз дивизиясына оралу үшін бар күш-жігерін салды. Алдымен Молдавиядағы ұрысқа қатысады. Ал Жеңіс туралы қуанышты хабарды Болгарияда жүргенде естиді. Ал, ардагер ол жерде Қара теңіз порттарын басып алу операциясына қатысқан.

СНХ: СНХ: ИЛЬЯ МАРЧЕНКО,МАЙДАНГЕР//аударма// Жеңіс жайлы қуанышты хабар жеткенде мен окопта болдым. Болгария жеріндегі  Түркия шекарасында тұрдық, өйткені соғыс әлі аяқталған жоқ еді.  Біз қорғаныс шебін  ұстадық. 92 гвардия дивизиясындағы 37 полк. Мен окопта жатсам, зымырандар қайта көкке көтерілді. Мен соғыс қайта басталған шығар деп ойладым. Сөйтсем, бұл салют атуға шыққан біздің жауынгерлер екен.  Мен 9 мамырды осылай қарсы алдым.

РКС: Илья Марченко І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін ардагерді Батыс Украинаға әскери қызметке жіберді. Одан 1950 жылдың 7 наурызында елге қайтады. Туған өлкесіне оралғаннан кейін ішкі істер саласында қажырлы еңбек етеді. Құқық қорғау органдарында 33 жыл жұмыс істейді. Күні бүгінге дейін әскери тәртіпті қатаң сақтайды. Оқ пен оттың ортасынан өткен Илья Марченко өз отбасының қамқоршысы. Немерелерінің сүйікті атасы. Отанының патриоты, ең бастысы – адамгершілікті биік қоятын нар тұлға.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РАМИЛЬ ДУСУМОВ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАҺАНГЕР МҰҚАНБЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...