ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

МАҚСАТ - ЖАЙЛЫ БАСПАНА, ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС

14:45, 10 маусым 2019

РКС: «7-20-25»  ипотекалық  бағдарламасы бүгінде көптің көңілінен шығып, қызығушылығын  арттырды.  Сәйкесінше, жаңа үйлерге сұраныс көп. Құрылыс та қарқынды жүруде.  Әсіресе, жастардың  ықыласы  артуда.   

СНХ: ӘСЕТ ӘБДІҒАПАРОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ//// «7-20-25» бағдарламасы  жайында  көп   естідім.  Өзім де аталған бағдарламамен үй алуды жоспарлап жүрмін. Алғашқы  жарна 20 пайыз. Менің ойымша, жас отбасылардың  болашақта баспаналы  болуына ықпал ететін бірден-бір  бағдарлама.

РКС: Баспана кез-келген тұрғын үшін қашан да күн тәртібіндегі алғашқы мәселе.  Оған   бәрінің  бірдей  қолы  жетпейтіні  анық.  Сондықтан,  Тұңғыш Президент әлеуметтің жағдайына қарай жеңілдік қарастыруды тапсырды.  

СНХ: ҚАЙНЫШ ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ АҒА МЕДБИКЕСІ/// Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы – бұл біріншіден, қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Мәселен, «7-20-25» бағдарламасы баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл медицина қызметкерлеріне де бағдарламаға қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазірде жаңадан жатақханалар да салынайын деп жатыр. Яғни, Елбасының бастамалары жастардың мүддесін қорғауға бағытталған деп айтуға болады. ////

РКС: Өзгенің есігінен сығаламай,  өзіңнің  жайлы баспанаңда тұрғанға не жетсін. Мемлекет те өз тарапынан барынша қолдау танытса, талай қазақстандықтың  арманы орындалып,  жағдайы түзелер еді.

АЙГҮЛ   МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...