ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН

13:23, 29 мамыр 2020

 

ДК: Атбасарлықтар Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 45 тонна гуманитарлық көмек жіберген. Бұдан бөлек, өңір халқы 2 млн. теңгеге жуық қаржылай қолдау жиған. 20 тонна азық-түлік  тиеген екінші көлік 27 мамыр күні жолға шықты.

РКС: Атбасарлықтар су тасқыны қаупінің зардабын бірнеше рет бастан өткерген. Өңір тұрғындары ел болып жиылған жылуға өз үлестерін қосуға асыққан. Апат орын алған соң, көп ұзамай, 25 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліпті. Бұл жолы сапарға шыққан екінші жүк көлігі де 20 тонна азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар жеткізеді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы нысандары ортақ іске елеулі үлес қосып отыр. Олар ұн, өсімдік майы, макарон өнімдері, қант пен өзге де азық түлік-түрлерін ұсынған.  Бір айда, Атбасар тұрғындары Мақтааралға 9 млн. теңгенің көмегін жөнелткен.   

СНХ:           АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ///(қазақша)///Құрметті, Мақтаарал елінің тұрғындары! Біз сіздерде болған апатты естіп, Атбасар халқы да шетте қалған жоқ. Өйткені, Атбасар ауданында да мұндай жағдай екі рет орын алған. Біз сіздердің қандай жағдайда екендеріңізді жақсы түсінеміз. Сондықтан, Ақмола облысы Мақтаарал ауданына, жерлестерімізге көмекке осы жүк көлігін жіберіп отырмыз. Игіліктеріңізге тұтыныңыздар, біз біргеміз!

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...